Сұрақ: -Менің мамандығым-бухгалтер. Жұмыс бабымен әр алуан ортада болуы ма тура келеді. Қысқасы-мұсылмандар қалай киіну керек, осы жөнінде мағлұмат берсеңіздер. Мұсахан, Қатонқарағай ауданы, Кіші Нарын ауылы. Жауап: -Білгілеріңіз келген алуан сұраққа жауап беруге әзірміз. Жолыңыз түссе, «Мұхамади» мешітіне де келіңіз. Әзірше мұсылмандық әдеп бойынша киінудің, өзіңіз айтқандай, қысқаша мән-жайымен танысыз. М.Садық. Мұсылмандық әдеп Киіну Әрбір мұсылман ерекше таза, күтімді киініп жүруге тиіс. Әрине, киімнің ерекше жарқырақ, аса қымбат болмағаны дұрыс. Мұндайда өзіңе ұнаған бір киімді үстіңнен тастамай, әдейі жұпыны болып көрінудің қажеті жоқ. Өйткені, Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) өзі де киімдерін жиі ауыстырады екен. «Алланың өзі сұлу, сондықтан ол сұлулықты ұнатады» дейді екен. Сырт киім мен көйлектің жеңі кең әрі ұзындау болғаны жақсы. Ер кісілерге қызыл және сары түсті киімдер кию-күнәға жатады. Ақ түсті киімдер кию-пайғамбар сүннеті. Әрине, өзге түсті киім-кешектерді тұтыну ешбір айып емес.
Ибрагим қажы Қарнақбайүлы
|