Жөтел көбіне таңертең күшейетіндей болса, сарымсақ тұнбасын, қою қант сірнесін және аздап крахмал қосып ұйқыдан тұрғаннан кейін бірден аш қарынға аз-аздап жегізу керек. Ал жөтел жатарда мазалайтын болса екі-үш тамшы (бұдан асыруға болмайды) иод тұнбасын қосып, бір стакан ыстық су ішіп жату керек. Егер балаңыз қайта-қайта салқын тиіп, жөтеле беретін болса, көктемде оған қайың шырыны мен сүтті (2:1) араластырып, аздап ұн не крахмал қосып беріп тыңайту керек. Ал жөтелден біржола жазылу үшін шыдамдылықпен қаракет жасап, балаға жаз бойы мынадай шөптердің тұнбасын ішкізу керек: қалақай, жолжепкен, дала қырықбуыны және гүлқайыр шөптерін кептіріп дайындап алып, әрқайсысының үгіндісін бір-бір шай қасықтан 4 стақан қайнақ суға тұндырады да, күніне 4 мезгіл, тамақ алдында жарты стақаннан ішкізеді. Бұл ем-домның ережесі бойынша төрт жасқа дейінгі балаға бір шай қасықтан күніне 3 мезгіл, төрт жастан он жасқа дейінгі балаларға бір десерт қасықтан, он жастан асқан балаларға күніне 3-4 мезгіл бір ас қасықтан ішкізеді. Тұмаудан сақтан Алдымен өзіңіздің отбасылық дәрігеріңізбен ақылдасыңыз. 2 шай қасық раушан жемісін 1 стақан қайнаған суға салып қайнатып, шайдың орнына күніне 3 мезгіл тамақтан кейін ішу керек.
|