Жақсы адам Парызын ойлайды,Жаман адам Пайдасын ойлайды.***
Мені ел танымай қалатын болды деп қорыққанша,Мен осы Елді танымай қалмасам екен деп қорқу керек.***
Мемлекет дегеніміз-үлкен отбасы,Ал Отбасы дегеніміз-шағын мемлекет.***
Бұл өмірдегі ең қиын нәрсе-әйелмен және төмен адамдармен қарым-қатынас орнату: жақындатсаң-Басыңа шығады, алыстатсаң-Жауығады.***
Егер ел саналы түрде басқарылса-Кедей болып, мұқтаждық көру ұят; егер мемлекет ақылсыз басқарылып жатса-бай болып, сый-құрметке бөлену ұят.***
Бұрын адамдар өзін-өзі жетілдіру үшін оқитын,Ал бүгінде басқаларды таңғалдыру үшін оқитын болды.***
Ақылды адам Өзіне қаламағанды Өзгеге жасамайды.***
Біздер, Өмірдің не екенін білмей тұрып, Өлімнің не екенін қайдан білейік?!***
Білімге үш жол алып барады:1. Ойлану, оқу жолы-бұл ең Парасатты жол;2. Еліктеу, ұқсау жолы-бұл ең Оңай жол;3. Басың тасқа тиіп, тағдырдан сабақ алу, Тәжірибе жинау жолы –бұл ең Ащы жол.
|