Сұрақ-Жан-дүниеңізбен құлшылық етіп, ерекше қадірлейтін түндер қалай аталады?
Жауап-Қасиетті түндер.
Сұрақ-Қанша қасиетті түн бар?
Жауап-бесеу. 1-Мәуліт, 2-Рәғайып, 3-Миғраж, 4-Бәраат, 5-Қадір түні.
Сұрақ-Мәуліт түні дегенімз не?
Жауап-Пайғамбарымыз дүниеге келген түн.
Сұрақ-Рәғайып түні деген не?
Жауап-Хазіреті Әмина анамыздың Пайғамбарымызға аяғы ауыр болғанын білген түн.
Сұрақ-Миғраж түні деген не?
Жауап-Сүйікті Пайғамбарымызға иләһи салтанатты көрсету үшін Алланың шақыруы және теңдесіз керемет арқылы жеті қат көк аспанның ар жағына, ғажайып ғаламға саяхат жасаған түні.
Сұрақ-Бәраат түні деген не?
Жауап-Құран Кәрімнің ләухи махфуздан жер бетіне түсірілген, адамдардың бір жылдық өмірі мән ырыздығы есептеліп мұсылмандарға кешірім мен шапағат жауған түн.
Сұрақ-Қадір түні деген не?
Жауап-Құран Кәрім көктен Пайғамбарымызға (С.Ә.С.) түсіріле бастаған түн.
-Жаратушы дарытқан түйсік
Қаздың балапаны жұмыртқаны жарып шыға салысымен жүзуді біледі. Жұмыртқадан шыққан құмырсқалар лезде ұя қазуға кіріседі. Бал арасы аз ғана уақыттың ішінде нағыз өнер туындысы болып табылатын омартасын сала бастаса, өрмекші жіп-жіңішке өрмегін тоқи бастайды. Бұлар және осы сияқты тірі жәндіктер басқа әлемде өздеріне үйретілген қабілеттерімен жаратылысынан тума талант болып өмірге келеді. Алайда адам баласы бүкіл тіршілік атаулының ішіндегі ең қабілеттісі бола тұра, барлық нәрсені бұ дүниеде үйренуге мәжбүр. Демек, адамнан өзге тіршілік иелеріндегі бұл ілім мен қабілетті оларға Жаратушы дарытқан.
Мыңдаған шақырым жерлерге барып ұрық шашқан жыланбалықтардың шабақтары жұмыртқадан шығысымен ұзақ сапар шегіп, өз енесін адаспай тауып келеді. Бұл Құдай берген түйсіктен басқа не болуы мүмкін?! Жануарлар әлеміндегі осы тәріздес таңғажайыптарды тек қана Алла тағаланың сый-тартуы деп түсіндіргенде ғана бұл мәселе өз шешімін табады. Әйтпесе басқа жорамалдардың бәрі шындыққа жанаспайтындықтан бос сөз болып қала бермек...
Бүгінгі дұға
Уа, Раббым, ақиқатты ақиқат ретінде танып соған мойынсұнуды, жалғанды жалған ретінде танып одан бойды алыс ұстауды нәсіп ете гөр!
Өмірім аққан бұлақ Сылдыр-сылдыр ағады мөлдір бұлақ, Басы сонау тәкаппар таудан құлап... Өмірің ағып өтер сол бұлақтай Қартайғанда қалады жүрек жылап. Сарғаяды жастық шақ-жасыл құрақ, Қартаюға көнбейді жүрек тулап. Жастық шақтың өткені өкініш қой, Қайтаратын күшің жоқ оны бірақ. Сылдыр-сылдыр ағады мөлдір бұлақ, Айналасы-биік шөп, жасыл құрақ... Әттең, әттең, адамға бұл дүние Болмайды екен ұя, мәңгі тұрақ.
|