«Әдеп әліппелеріне» көз салсаңыз, нешеме ой саларлық пікірлер кездеседі Мысалы адам ауруды өз мінезіне қарай табатыны жайында жазылған. Бұл жөнінде ғалымдар мынадай болжам айтады екен: Адамның шектен тыс қуануы немесе күйзелуі-жүрек талмасына әкеп соғады. Үнемі қайғырып, уайымдап жүру-өкпені зақымдайды екен. Ал, ызақорлық, ашуланшақтық-бауырды ауыртады. Қызғаншақтық, біреуді көре алмаушылық-бауыр мен бүйрекке зардабын тигізеді. Жылауықтық-жүрек қабының ауруына шалдықтырады. Шошып, үнемі үрейленіп отыру-өт жолын қабындырады. Біреудің қамын жеп, үнемі шыр-пыр болу-көк бауырдың ауруын туғызуы мүмкін. Ал кез келген аурудың асқынуына адам бойындағы негізгі үш жаман әдет ықпал жасайды деген де тұжырым бар. Олар-ашкөздік, ызақорлық, надандық. Осы айтылған жаман әдеттерден адам бойын алшақ ұстаса ауру да адамнан қашады екен.
|