Көңлім-гүл, өмірім-бақша, тілім-бұлбұл, Адамзат осы үшеумен жайнайды гүл. Өмірі адамзаттың жаз бен қыстай, Гүлденіп тұрады ол жасап жыл-жыл. Жапанның жайсыз жатқан даласындай, Көрінед өткен өмір бұлдыр-бұлдыр. Бұлтартпай сол бұлдырмен жүргеніңде, Ордаңдап ор қояндай өмір зырғыр. Өң бермей өтінішке өте шығар, Жалынып десең-дағы «өмір-құрғыр». Қызылдың жол асатын қиясындай, Артыңда талай заман қалар қыр-қыр. Сүргінде соныменен жүргеніңде, Аяққа айрылмастай түсер шылбыр. Тотыдай торға түскен отырарсың, Рас сөз, ақылыңмен аңда, шын біл. Қызықты қызық көрер шағың осы, Ертерек, есің болса, мұны біл біл. «Темірді қызған кезде соқ»,-деген бар, Жастарым, ойна да күл, ойлай да біл! Мен-дағы осы өмірді ерте ойлап, Көркейтіп көңілімді жырлайын жыр. Кезінде қызғылықты сүру үшін, Қош көрдім көңіл қоспақ жақсымен бір. Білгенше әртүрлі сөз теріп айтсам, Секілді тарқайтындай іштегі сыр. Ж.Ешниязов
|