Құнанбай би Меккеге барып, қажылыққа қол беріп келген жылдың қысында үйіне бір топ адам қонақ болып түстеніп отырады. Біреулер «шаруа қайтсе оңалады, мал-жан қайтсе оңалады?» деседі. Сонда Құнекең:
-Шаруаң оңға айналған шақта,Мінген атың жүреген болады.Асыраған итің үреген болады,Қатының қадірлі болады,Қызың ажарлы болады,Малың базарлы болады,Шөбің шығымды болады,Малыңа жұғымды болады,Ұлың білімді болады,Құлың сенімді болады,-деп бір тоқталады да оның аяғын былайша жалғастырады:
-Шаруаң солға айналған шақта:Мінген атың шабан болады,Асыраған итің жаман болады,Қатының сараң болады,Қызың ажарсыз болады,Малың базарсыз болады,Шөбің шығымсыз болады,Малыңа жұғымсыз болады,Ұлың білімсіз болады,Құлың сенімсіз болады...Аумин!-деп, қолын жайып, бетін сипапты.
|