Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 16
Гостей: 16
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Январь » 08 » Неке қидырудың маңызы
Неке қидырудың маңызы
11:03
Алланың адамдарға берген сенімін өз мақсат-мүддесіне, нәпсіқұмарлығына пайдаланатындар бүгінде көбейіп барады. Алла адамдарға сеніп, шариғат жолымен неке қиюды нәсіп етті. Онда заңнан да биік Аллаға деген жауапкершіліктің маңызы үлкен. Әйтсе де адамдар оны өздерінің түсініктеріне сай бұрмалап алуда. Соның нәтижесінде қыздардың сеніміне кіріп, шариғат жолымен некесін қидыру арқылы бірнеше неке қидыратындар да, мешітке некесін қидырып алып, азаматтық некемен тұратын жастардың да қатары көбейіп барады. Олар үшін отбасы деген ұғымның ауқымы тар салмағы жоқ. Қажет болмаса, талақ айтысып кете барады. Шыны керек, біз иманның құндылықтарын өз дәрежесінде қолдана алмай отырмыз. Егер біз қадірін біліп, өз орнымен қолдана білсек, шариғат жолымен неке қидырудың маңызы зор болар еді. Осының салдарынан «бірінші әйелімді Аллаға аманаттап кеткем» деп екінші, үшінші әйел алушылар да баршылық. Яғни бүгінде азаматтарымыз діннің құндылықтарының барлығын өз мүдделеріне қарай икемдеп пайдалануға үйреніп алды. Бұл-үлкен қателік. «Алланың алдындағы жауапкершілігі бар» деп мешітте неке қидыруды бетімен жіберетін болсақ қоғамда қателіктер көбейіп барады. Сондықтан біз діннің де ұстанымдарын қоғамның иленуі мен заман ағымына қарай бейімдеп қолдана білуіміз керек. Рас, мешітте де неке қиылуы керек. Бірақ нағыз неке АХАЖ бөлімі арқылы куәландырылған неке болып есептеліп, мешіттегі неке қиылар алдында сол АХАЖ арқылы берілген куәлік ескерілуі тиіс.
Оңғар қажы Өмірбек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы:
-Рас, бүгінде үйленіп, отбасын құрмас бұрын мешітте некесін қидыратындар өте көп. Олар үй болмас бұрын мұсылмандық жолмен некесін қидырып алуды жөн көреді. Біз де олардың ниетін құп көріп, шариғат жолымен некесін қиып, куәлігін беріп жатамыз. Ерлі-зайыптылардың некесін қию кезінде олардың жанында куәгерлердің болуын міндеттейміз. Бұл дегеніміз-Алла алдында ерлі-зайыптылар да, куәгерлер де сол некенің жауапкершілігін өздеріне жүктеп алады деген сөз. Мешіттен берілетін куәліктің заңдық күші жоқ деп төмендетудің еш қажеті жоқ. Ең үлкен жауапкершілік Алла алдындағы жауапкершілік болғандықтан, олар өздерінің сөйлеген сөздері мен істеген әрекеттері үшін Алла алында жауапты болады.  
Жалғасы бар...
Категория: Неке | Просмотров: 1477 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Январь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz