Жалғасы... Сондықтан мешітте неке қию кезінде АХАЖ куәлігін сұраудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Рас, «жаман айтпай жақсы жоқ», ертеңгі күні ерлі-зайыптылар ажырасып, екі жаққа кеткен жағдайда да мешіттен берілген куәліктің ешқандай заңдық қауқары жоқ. Әйтсе де Аллаға мойынсынып, Алла алдында шариғат жолымен некелерін қидырып алуды жөн көрген ерлі-зайыптылар үшін мешіттен берілген куәліктің маңызы зор деп санаймын. Сондықтан одан шошынудың қажеті жоқ. Мешітте куәлік еткендер де жас жұбайлардың отбасы болып, әрі қарай тату-тәтті жанұя болып кетуі үшін өз ықпалын тигізері анық. Ең бастысы-адамның Алла алдындағы жауапкершілігі! Ол АХАЖ куәлігі, заңдық күші жоқ деген ұғымдардан да әлдеқайда биік тұрады. Шариғат жолымен некесін қидырушылар да бұл некенің осындай жауапкершілігін түсінген соң сондай қадамға барады деп ойлаймын. Екінші әйел алып, некесін қидыратын жағдайда да біз екі әйелінің алдындағы жауапкершілігінің тең болуы керектігін ер-азаматтарға түсіндіреміз. Егер екі әйелді тең ұстай алмаған жағдайда оның жазасы арғы дүниеде беріледі. Ал арғы дүниенің жазасының алдында біздің сотымыздың жазасы сөз емес. Сондай-ақ талақ айтсақ болды, ажыраса саламыз деу де-үлкен күнә, діни сауатсыздық. ("Оңаша", 22, 2011 жыл)
|