Сұрақ:-Әзілдерің жақсы екен. Тағы да бірді-екілісін бермейсіздер ме? Жауап:-Сіз оқыған әзіл-ажуалар қазақтың күлдіргісі-сықақ әңгімелерінен екенін білдіңіздер ғой, біз еске салғандай болдық. Дегенмен, өтінішіңіз бойынша тағы да бір тобына көз тоқтатыңыз. Сол саудагер тамақ іше ме екен? Қожағұл деген момын кедей ертеде Түркістан қаласына келіп, өзінің Талжан деген таныс делдалының үйіне қонып отырады. Талжан әңгіме айтуды жақсы көреді екен. Бірақ әңгіме айтқанда малтасын езіп, тыңдаушысын әбден мезі қылады екен. Ол ұзақ жолдан шаршап-шалдығып келген Қожағұлға қаладағы саудагердердің бірін мақтап, бірін даттап әңгімесін соза беріпті. Шыдамы таусылған Қожағұл: -Талеке, менің сізден бір сұрағым бар, сол айтып отырған саудагерлерің өзі тамақ іше ме екен!?-депті. Көп сөйлеп кеткен Талжан сонда барып: -Бәйбіше, тамағыңды әкел,-депті.
Ибрагим қажы Қарнақбайұлы
|