Шөп шауып жатқан кездер төр жайлауда, Ат, өгізбен түсуші ек терең сайға, Ай туғанша тер төгіп еңбектеніп, Қайтушы едік, ол күндер енді қайда? Ізі де жоқ қосымыз-әлі есімде, Өрге бастар шатқалдың дәл төсінде, Қасында төмен аққан тау бұлағы, Енді көрем, шырт ұйқыда–түсімде. Оп-оңай жасаушы едік талдан күрке, Кейінгілер үйренді бірте-бірте, Сәбирәш, бізді күткен аспаз едің Айқабақ, тостақан көз, киген күрте… Мен кеттім оқу іздеп көп арманда Енді, міне, сен де арманда, мен де арманда Ұмытылмай жылы демің, ыстық құшақ Сені ойлаумен жүріп келем бұл жалғанда. М. Күркебайұлы
|