Бір қомағай қонақта отырып тамақты өте көп ішіп жепті. Үйіне келген соң, мешкей күпті болып ауырып қалыпты. Көршісі келіп: -Саған не боп қалды?-деп сұрайды. -Қонаққа барған едім. Асты көбірек жеп жіберсем керек,-дейді. Сонда көршісі: -Ас біреудікі болғанмен, қарын өзіңдікі екенін ойламадың ба?-депті. «Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелері»
|