Сұрақ: Ораза айы жақындап келеді. Ораза айты жайында толық мағлұмат білгім келеді. Гүлмира. 10 сынып оқушысы Жауап: Ораза айт-ислам дінінің қағыдасы бойынша жыл сайын ұсталатын отыз күн ораза аяқталғаннан кейін өткізілетін үш күндік айт мейрамы. Ораза айт мейрамы сол айттың алғашқы күні таңертең оқылатын екі ракағат айт намазынан басталады. Бұл намазды мал шаруашылығымен айналысқан қазақ қауымы көбінесе даладағы таза, тегіс жерге жиналып оқиды. Бұл мейрамның түпкі төркіні ислам дінінен келгенімен, кейін келе ұлттық әдет-ғұрыпқа, бұқаралық мейрамға арналып кеткен. Қазақ халқы бұл мейрамды жыл сайын өткізіп, аттарына мініп, топ-топ болып айтшылайды, үйлерге кірі бере-ақ "айт қабыл болсын!" айтады. Осы мейрам кезінде түрлі ұлттық ойын-сауықтары өткізіліп отырады. М. Қани
|