Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 23
Гостей: 23
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Май » 16 » Қос қанат турасында
Қос қанат турасында
09:27
-Өнеріңізді бағалаймыз. Бірақ жеке өміріңіз туралы айта бермейсіз. Отбасыңыз бар ма?
-Бір қыз, бір ұлдың анасымын. Жолдасым жеке кәсіппен айналысады. Жарым отбасындағы өз билігімді өзіме берген. Берген ақшасын санап, төркініме бергенімді сөз етіп тергемейді. Керісінше, көмекке зәру адамдарға қол ұшын бергенімді қалайды. Айтыста айтылған сөздерді талқылап, бас қатырмаймыз. Моральдық, материалдық жағынан үнемі маған демеу болып келеді. Жалпы, ұсақ әңгімесі жоқ, беделді азамат. Ол кісінің қасында өзімді бақытты санаймын.
–Айтыста талай адуынды ақынды тілмен тістелеген жансыз. Сізге көңіл білдіруге жарыңыз жүрексінбей келіп пе еді? Ол кісімен қалай танысып едіңіздер?
-Өзінің айтуынша, айтысқа жаңа шығып жүрген күндерімде мені көріп, ерекше әсер алыпты. Сосын сырттай бақылап жүрген. Кейін моральдық тұрғыдан күйзеліске ұшырап, жаным қиналып жүрген кезде көмек қолын созып, бағыт беріп, демеу болды. Жас кезімнен өз нанымды өзім тауып жүрген адам болдым ғой. Бір күні әбден шаршап, өзімнің нәзікжанды әйел екендігімді ойлап, біреуге еркелегім, арқа сүйегім келді. Алғашында оны өзімнің туған ағамдай сыйлайтынмын бәрі ойламаған жерден болды. Оның бетімді жерге қаратпайтынын түсіндім де қосылуға  келістім. Таңдаудан қателеспеген екенмін, жолдасым маған әрі әке, әрі жар, әрі дос бола білді.
-Үйде қанша ағайындысыздар?
-Өзімнен кейін Ардақ пен Арайлым деген екі сіңлім, Дархан деген інім бар. Қазір анам да, бауырларым да өз қамқорлығымда десем де болады. Кезімде олар көмек сұрағанда қол ұшын бере алмай, жерге қарап қала беретінмін. Сондай күннің бірінде ауылдағы бір апай: «Сенің мұндай атағыңнан не пайда? Ауылдағы апаңның жағдайын білеміз ғой»,-деп жүрегімді ауыртқан. Сол сөз есіме түссе әлі қиналып кетемін. Аллаға шүкір, қазір ешқайсысы менен көмек сұрамайтын дәрежеге жетті. Олардың аяғына тұрып кетуіне бір кісідей үлес қостым. Негізі, бәрі жолдасымның арқасында. Бірге туғандай болып бірге өскен нағашы бауырларымның есімі-Қанат, Бейбіт, Салтанат, Гүлнар. Олардың барлығы да үйлі-баранды. 
Категория: Қайырымдылық | Просмотров: 817 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Май 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz