 Тамақтану институтының директоры Төрегелді Шармановпен хабарласып, ашығудың адам ағзасына пайдасы мен зияны жөнінде сұрағанымызда, ол тек пайдасы жөнінде ғана әңгімелеп, тек ашығамын деп "асырып" жіберіп, азабына қалудан сақтандырды. Дәрігердің арнайы рұқсатымен, нақтылы бір жүйе бойынша ашығуға кеңес берді. "Ашығу" деген-күрделі ұғым. Тамақ ішпеудің әдейі жасалатын көріністерінен қарағанда, бұл әлдеқайда төзімділікті қажет ететін қиындау процесс. Адамдар "арықтаймын" деп ашығады, біреуге ерегесіп, қасақана ашығады және белгілі бір аурудың түрлеріне қарсы емделу үшін ашығады. Ал жұрт айтып жүрген менің диетам мынау: Нан, картоп, май, тәтті, майлы қуырылған, ұннан жасалған тағамдарды мүлде жемеймін. Тұзды рациондардан мүлде алып тастағанмын. Таңертең жаңғақ дәндерімен шай ішемін. Түсте көк шай ішемін, тоңазыған жылқы етін, тұздалмаған балық жеймін. Содан соң қызанақ, қияр секілді шикі көкеніс салатын пайдаланамын. Соңынан бір кесе қымыз ішемін. Кешке міндетті түрде бір кесе қымыз. Басқа тағамдар өте шектеулі. Бұл диета семіздікке, рак, қан қысымы, жүрек-қан тамырларына қарсы және алдын алады. Тамақтанудың осы әдісін пайдаланғандар қазір маған рақметін айтып жүр. Әзірлеген А. Аханбайқызы
|