Жалғасы...
Жай тұрмыста аз мөлшердегі сәуледен қорғануда йодтың пайдасы бар. Оның дәрі түріндегі күнделікті мөлшері болады. Йодты ең көп қолданатындар-жапондар. Олардың түрлі тағамдар мен сусындарына да йод қосылады. Жапондар йодты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы белгіленген күндік мөлшерден 108 есе артық қолданады. Ағзаға енген қоздырғыш таяқшалары йодқа төтеп бере алмайды. Жапондардың интеллектуалдық деңгейі жоғары мен ұзақ өмір сүруінің себебі осы йодқа байланысты болуы да мүмкін. Жапонияның зерттеушілері 1945-жылы атомдық шабуылға ұшыраған Хиросима және Нагасаки тұрғындарының иммундық жүйесі 35 жылдан кейін де қалпына келмегенін анықтаған. Ал Қазақстандағы Семейдің осы күнгі тұрғындарының қанында ағзаның қорғанысы үшін өте қажетті ақ жасушалар жетіспейді. Ол аймақтағы қатерлі ісік ауруына шалдыққандарға лейкоз, яғни қан ісігі тән. Зерттеулер көрсеткеніндей, лейкоз ауруы әлі 10 жылға дейін көбейе береді, ал алдағы 40 жыл бойы семейліктердің ісік ауруының өзге де түрлеріне шалдығу көрсеткіші арта түсетін көрінеді. Украинада іштегі шараналардың омыртқаларынан радиация табылыпты. Бұл-әлдеқашан өтіп кеткен Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдары. Сол шараналар өмірге келеді-ау, бірақ есейгенде қатерлі ісік ауруларына шалдығатынын мамандар осы бастан болжап отыр. Шарананың сүйегіне жүргізілген зерттеу нәтижесі Чернобыль аймағында радионуклидтер омыртқаға, тіске және қабырғаға өте тез жиналатынын көрсеткен. Болашақ сәбилердің үлкейгенде ісік ауруларына шалдығу мүмкіндігінің жоғары екені жергілікті тұрғындарды қатты алаңдатып отыр. Украина қалқанша без қатерлі ісігі ауруының көбейгені Чернобыль АЭС-інде болған апатпен тікелей байланысты екен. Сәулеленуден күнделікті өмірде қорғанып жүруде көк шайдың да пайдасы бар. Сондай-ақ апельсин жемісі де өте аз мөлшердегі радиактивтік сәуленің бетін қайтаруға септігін тигізеді. Мамандар осылай деп жатыр. С. Нағашыбек. («Замана» №15 18.04.2011ж)
|