Қазір құрт-құмырсқаның көбейіп, улы жәндіктердің бас көтеретін кезі. Сақтық шараларын қарастырмаса олардың шағып алуы әбден мүмкін. Жылан, шаян, қарақұрт, улы ара шаққанда уы бүкіл денеге тарамас үшін шаққан жерді мүмкіндігінше қатты етіп таңып тастау керек. Содан кейін жәндік шаққан жерді пышақтың ұшымен шертіп қанын ағызады да, ешкінің күні бұрын әдейілеп кептірген өтін жағады. Оны жиі-жиі қайталап отыру керек. Халық емшілері ешкінің өтін көк дәрі деп атайды. Оның уды тез қайтаратын жақсы қасиеті бар. М. Жұмабек.
|