Түркияның белгілі ғалымы Мұстафа Исламұлының бала тәрбиесі туралы мына кеңестерін назарларыңызға ұсынып отырмыз. -Ата-ана боламын деп шешім қабылдаған кезіңізде бала өсіруді дүниедегі асқан жауапкершілікті талап ететін міндет деп біліңіз. Бала өсіру гүл мен ағаш өсіруге ұқсамайтынын ұмытпаңыз. Бұл өте ауыр міндет. Бала тәрбиесі оған үнемі құрмет көрсетуді талап етеді. Ал оған құрмет көрсету өзіңізді қаншалықты құрметтей алатыныңызға байланысты. Өзін сыйлай алмағандар балаларын да сыйлай алмайды. -Балалардың тұлғалық қасиеті жеті жасқа дейін қалыптасып бітеді. Мұның мәнін білмейтін ата-аналар барлық нәрсе жеті жастан кейін басталады деп ойлайды. Бұл-барлық нәрсенің басталатын уақыты емес, барлық нәрсе қалыптасып бітетін жас. Әлбетте, жеті жастан кейін де атқарар іс жетіп артылады. Дегенмен баланың тұлғалық қаңқасы алғашқы жеті жылдың ішінде қалыптасады, одан кейін қаңқаны етпен қаптап, безендіру ісі келеді. -Сәбидің өзіңізге сенім артуын қалыптастырудың ең тиімді жолдарының бірі-онымен үнемі әңгімелесу. Сіздің не айтып жатқаныңызды түсінбеуі әрі Сізге жауап бермегендігі әңгімелесуіңізге кедергі келтірмеуі керек. Сәби Сіздің сөзіңізді түсінбейді, алайда өзіне көңіл аударылып, мән берілгендігін жақсы түсінеді. -Қорыққандығын көрсеңіз оны жай жұбатыңыз. Ең алдымен қорқатын жағдайлардан оны қорғаңыз. Бірақ ержүрек болуды үйреніп әуре болмаңыз. Егер болмашы нәрседен қорқа беретін болса, бұған аса мән бермеңіз. Сәбидің қорқақтығын кетірудің ең тиімді емі-ана-сүті, ең тиімді орны-ананың омырауы. Жалғасы бар...
|