Главная » 2011 » Апрель » 20 » Сүйген болсаң, сағынарсың
Сүйген болсаң, сағынарсың | 14:16 |
Әлі есімде көк белестер, Көк белестер көзге елестер. Егін орған, серуен құрған, Қызу күндер, қызық кештер.
Көз алдымда көл айдыны, Суға төнген тал-қайыңы... Құрдасым деп, сырласым деп, Сәлем жазсам, бар ма айыбы?!
Гүлге оранған ел сүйгендер, Берекелі бел-белестер. Сен жүрген жер-сен сүйген жер, Сағат сайын көзге елестер.
«Оқу бітер, қыз сүйген ер Келер жетіп бір күні» де. Сен сүйген жер-мен сүйген жер, Мені тыңның тұрғыны де.
Қара көзім-қарлығашым! Менен бұрын әнім барсын. Сүйген болсаң, сенген болсаң, Сарғаярсың-сағынарсың!
|
|
Категория: Тәлім өлең |
Просмотров: 968 |
Добавил: модератор
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
|