Киімге жаңа тиген сия дағын сүтпен жуса тез кетеді. Алтын түстес бояуға боялған рама, айна, клавеш сүтпен жақсы тазаланады. Терезе перделерін жуғанда, оларды нілге малатын суға аз ғана сүт қосса, өңі жаңарады. Крахмалға кішкене сүт қосса үтіктелген кезде бұйымның түсі жылтырап, өңі кіреді. Қышаны судың орнына сүтке езсе, жақсы сақталады, кеппейді. Етік тазаланатын майға бірнеше тамшы сүт қосса, май былғарыға жақсы сіңеді және ол жалтырап кетеді.
|