Электр-магнитті сәулелер біз жиі қолданатын компьютер, теледидар және тіпті ұялы телефон сияқты құралдардан тарайды. Егер бірнеше құралдар бір қатарда жақын орналастырылатын болса, олардың сәуле бөлуі күшейеді. Сондықтан электр жабдықтарын дұрыс орналастыру керек. Теледидар мен компьютерден шығатын сәуле сегіздік тәрізді-монитордың алғы бетінен бастап, аппараттың артқы жақтауына дейін шеңбер құрайды. Бұл шеңбердің диаметрі шамамен 50 сантиметрдей болады. Сондықтан теледидар мен компьютердің ара-қашықтығы кемінде 1 метрден асатындай болуы керек. Тоңазытқыш та, кофеқайнатқыш та электр пеші де азды-көпті дәрежеде электр-магнитті толқындар бөледі. Электр-магнитті алаңдардағы сәулелерінің зардабынан адам ми қатерлі ісігіне, есінен жаңылуға, Паркинсон және Альцгеймер ауруларына және басқа да сырқаттарға душар болады, мінез-құлқы өзгеріске ұшырайды. Бұл сәулелердің балаларға да тигізетін зияны көп. Көзге көрінбейтін бұл сәулелерден сақтану үшін жоғарыдағы кеңестерді орындап, таза ауада көп серуендеңіз. Дұрыс тамақтанып, салауатты өмір салтын ұстаныңыз.
|