Кешке жақын Бұдабай ақын ауылдан өтіп бара жатқанда, бір жас қыз ауыл маңындағы көлден су әкелуге бара жатады. Атты кісілер қызға жақындап жанай өте бергенде, бір еті тірі пысық бала Бұдабайға бұрылып: "Мына қызға бір ауыз өлең айтып жіберіңізші",-деп өтініш білдіреді. Сонда Бұдабай ақын ойланбастан бір шумақ өлең айтады.
Қамысы мына көлдің буын-буын, Жігіттер, көрдіңдер ме қыздың қуын? Қолында екі қауақ әпкіші бар, Барады таусайын деп көлдің суын,-
дейді. Сонда бүлдіршіндей жап-жас қыз іркілместен өтіп кетіп бара жатқан жолаушы салт аттыларға жалт қарап, мына бір шумақ өлеңді айтқан екен. Қыз: Дейді екен бұқа-буға, тентек-дуға, Құдайым кездестірді қандай сұмға. Құдайдың жалпақ жатқан көлін қорып, Итаршы бұл кім еді қара суға,-
дейді. Бұдабай жұмған аузын ашпай жеделдетіп жүріп кетеді.
И. Ақылов
|