Сұрақ: -«Ұсақ-түйекке» бола дәрігерге бара берген ұят сияқты. Секпілді үйде кетіру үшін не істеуге болады?
Әсира, Қатонқарағай ауданы.
Жауап: -Бірінші жауабымыз-қай науқасқа, немесе, өзіңіз кемістік санайтын нәрсені түзетуге селқос қарауға болмайды. Дәрігерлердің кеңестері көпшілікке қажет. Ал халық емшілері айтқандарының бірін оқыңыз. Дегенмен ақ желеңді жандармен кеңесе жүргейсіз: секпіл кетіру үшін, 100 грамм бал алып, бір лимонның шырынымен жақсылап араластырасыз. Бұл қоспаны дәкеге жұқалап жағып, беттің секпілі бар бөлігіне 15-20 минут ұстап тұрасыз. Неғұрлым жиі қолдансаңыз секпіл де ертерек түссізденеді. Қолданып көрген адамға көмегі болады деген пікір бар.
|