Воскресенье, 07.12.2025, 08:00
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 25
Гостей: 25
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Сентябрь » 01 » Шариғат жолымен
Шариғат жолымен
10:35
Шариғат жолымен неке қию және оның құқықтық мәселелері қалың көпшілікке жарияланған мағлұматпен танысқандарыңыз жөн.
Статистика бойынша мұсылман елдерінде ерлі-зайыптылардың ажырасуы барынша төмен. Бұл жағдай мұсылмандардың әдет-ғұрыптарының Ислам дәстүріне негізделетіне байланысты болғандықтан орын алып отыр. Өйткені, Исламда неке қию және той жасау рәсімдері қашан да киелі, игі және даналық дәстүрлер болып саналатын.
Неке қию-(арабша-никах) Исламда жауапкершілік пен адалдықтың, адам жаны мен жүрегінің тынышталуына себепкер болатын игі әрекеттердің бірі болып саналады. Неке қию-адамның Аллаһ, қоғам және өзінің алдында үлкен жауапкершілікке бой ұсыну. Бір-бірін сүйетін ер мен әйелдің өзара түсіністік, адалдық пен сабырлық қағидаларын ұстана отырып махаббат пен тыныштықты сақтап, бір-біріне қамқорлық етуге, өмірлерін жайлы жасауға және осы махаббат пен мейірімділік ортасында өз балаларын тәрбиелеп, бақыты да берекелі отбасын құруға бағытталған жауапкершіліктің бір түрі.
Ислам неке қиюды ер кісіге де әйелге де бірдей ұйғарым еткен. Өйткені, үлкенге деген қамқорлықта отбасыда туатыны сөзсіз. Отбасы-сүйіспеншілік пен тәрбиенің негізі. Бұл-Исламның неке қию мәселесіне деген көзқарасы.
Мұсылман жігітке өз қалыңдығын таңдау кезінде асықпаған жөн. Ол жоғары ислами ерекшеліктерге ие, тұрақты және берекелі отбасылық өмірді қамтамасыз ететін бойжеткенді іздестіруі және тек сұлу жарды ғана таңдамай келешек өз балаларының анасын да таңдауды ұмытпауы керек. Сондықтан ол тек сұлулығына ғана қарамай, біріншіден оның дінге деген көзқарасына, ақылына және тақуалығына назар аударғаны абзал.
Бұл мәселе бойынша пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай деген: «Жарды таңдау кезде төрт нәрсеге көңіл аудару керек: байлығына, атағына, сұлулығына және дініне. Сен үшін абзалы дінді ұстанатын қыз, егерде керісінше болса, сен ұтыласын». Бірақ осымен қатар мінез-құлықтық ерекшеліктерін ескере отырып қыздың сұлулығыда негізгі шарттардың біріне жататынын жоққа шығармаған.
Ер адамға туысқанына немесе емшектес қарындасына үйленуге тыйым салынады. Қосылған жағдайда олардың бір-біріне деген жыныстық құшарлықтары өте төмен деңгейде қалады. Келекшек ұрпақтарының әлсіз болу қатері сақталады. Қазіргі  заман зерттеулеріне назар аударсақ, көптеген әлсіз балалар дәл осындай жұптардан дүниеге келетіні дәлелденген. Бұл мәселе де Исламда өте күрделілердің қатарынан орын алады.
Үйленердің алдында аттастыру рәсімі өтеді. Аттастыру рәсімі шариғатқа сәйкес отау құратын жастарды бір-біріне таныстыру болып табылады. Бұл рәсімі сүннет болып саналады және неке қиғанға дейін орын алады. Аттастыру кезінде қыздың және қамқоршысының пікірлері, қыз күйеуге тиюге келісімін беретін немесе келісімін бермейтін мәселелер анықталады. Екі жақтың келісімі Ислам шарттары бойынша міндетті түрде болу керек.
Некелесу келісімшарттары-Аллаһ алдындағы екі жақ арасында жасасқан қасиетті келісімшарт. Келісіп жатқан тараптар өзіне Исламның барлық міндеттерін орындауға жауапкершіліктерін көтеретінін белгілейді.
Белгілі болғандай Ислам неке қию рәсіміне ерекше назар аударады. Егер де неке қию шарттарының біреуі бұзылатын болса, неке рәсімі дұрыс орындалмаған болып есептеледі және құқықтық күшіне енбеген болады. Сондықтан осындай қате қиылған некеден туған балалар заңнан тыс туған болып саналады. Осыған орай неке қию рәсіміне қатысқандар некенің қалай қиылатынын білуі шарт. Егер төрт шарттың барлығы бірдей орындалса некенің дұрыс қиылғаны. Бұл шарттар келесідей:
1)қамқоршының (арабша-уәли) болуы және оның неке қиюға келісім беруі. Уәли ретінде басымдылық бойынша қалыңдықтың әкесі, атасы, ағасы, ағасының ер баласы, әкесінің ағасы және т.б. болуы мүмкін.  Сонымен қатар тізбектің сақтағаны абзал. Қалыңдықтың туыстары жоқ болған жағдайда уәли ретінде жергілікті мешіттің имамы болуы мүмкін;
2)қыздың келісімі;
3)куәгерлердің болуы. Кемінде екі куәгер болуы тиіс. Бұл мәселе бойынша Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқан сөзі бар: «Неке тек уәлидің болуымен, келісімімен және кемінде екі әділ куәгерлердің болуымен орындалады»;
4)белгілі шарттар ескеріле отырып неке келісімшарттарының орындалуы. Неке қию рәсімін кез келген тілде өткізуге рұқсат етілген. Бірақ бір шартты ескеру керек, ол-куәгерлердің айтылған сөздерін ұғуы.
Қалыңдықтың уәлиі мен куәгерлер мынадай шарт талаптарына сәйкес келуі:
-олардың мұсылман болуы;
-балиғатқа толуы, өз сөздері мен әрекеттеріне бақылау жасауға мүмкіншіліктерінің болуы, Ислам қағидаларын сақтауы;
-лайықты адам болуы, яғни мінез-құлықтарының орнықты және ниеттерінің таза болуы тиіс.
Бұдан басқа куәгерлердің есту, көру, сөйлеу, қабілеттеріне ие және естерінің дұрыс болуы керек.
Неке қияр алдында жігіт әйеліне махр (тура мағынасы-төлем) беруі тиіс. Халқымыз дәстүрінде-қалың мал. Махрдың мөлшері аз болса да, неке кезінде белгілеу сүннет болып саналады және оның қалыңдық үшін берілуі заңмен белгіленген.
Көптеген халықтардың әдеп-ғұрыптарында қалың малдың тек әйелдің жеке өзіне берілетіндігін атаған орынды.
Мұның барлығы отбасыда татулықты орнатуға бағытталған іс-шаралардан болып табылады. Егер әрбір отбасы тату-тәтті өмір кешсе қоғамдағы әлеуметтік ахуал  да соншалықты тұрақты, қалыпты болмақ.
Ислам некені өте маңызды міндеттердің бірі ретінде санайды және ерлі-зайыптылардың одағында ізгілік пен татулықты орнату үшін белгілі бір шаралардың орындалуын міндеттейді.
Б. Жүсіп,
ҚР Әділет министрлігі Дін істері жөніндегі комитеті
Ұйымдастыру-сараптама жұмысы
басқармасының сарапшысы.

Категория: Неке | Просмотров: 1856 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz