Ата тұрып ұл сөйлесе, ержеткені болар
Сырым жиырма алты жасында бір жолдасымен Нұралы ханның үйіне барса, Қараман тана Малайсарымен сөйлесіп отыр екен. -Балалар аман ба?-депті де, елемей өздері сөйлесе беріпті. Сырым жолдасына дауыстап: -Жүр кетейік, бұлар бізді адам деп отырған жоқ қой!-дейді. Малайсары жалт қарап: -Ата тұрып ұл сөйлегеннен без. Сырнайдай сарнаған мына бала кім еді?-дейді. -Ата тұрып ұл сөйлесе, ер жеткені болар, Ана тұрып қыз сөйлесе, бойжеткені болар,- дейді Сырым. -Сен толған екенсің, мен тозған екенмін,-деп Малайсары сонда Сырымды қасына шақырған екен.
|