Түйе көп болса жүк сыймас.
Бақауық демесең Бағалы көлік түйе ғой; Жаман да болса өз ұлың, Өз малыңа ие ғой.
Түйе қараған жауға жолығар, Сиыр қараған тойға жолығар.
Көтерем деп түйеден безбе, Салтанатың емес пе, Тебеген деп биеден безбе, Қос қанатың емес пе.
Жалғыз шапқан ат жүйрік.
Бие көп болса, Құлын к¬өп.
Жүйрік тоқтығын білдірмес, Жомарт жоқтығын білдірмес.
Арық атқа қамшы жау, Жыртық үйге тамшы жау.
Жақсы ат алдынан сүрінбей, Артынан сүрінеді.
Атыңды жүріп тұрғанда қамшыла.
|