Сұрақ: -Асқабақ–көп ауруға ем деседі. Бұрынғы оқығандарым есімде қалмапты. Қысқаша айтып берсеңіздер. Нұрғайша, Серебрянка.
Жауап: -Шынында асқабақ туралы көп айтылып жүр, асқабақтың адам ағзасына тигізер пайдасы зор. Оны үнемі үзбей жеген жағдайда рак ауруының алдын алуға болады. Жапонияның денсаулық сақтау орындары халықтың асқабақ жеуін қадағалауға алады екен. Жапондық дәрігерлердің пауымдауынша адам тәулігіне кем дегенде100 грамм асқабақ жеу керек. Асқабақ құрамында қант, пектин, калий тұзы, магний, темір, сондай-ақ А, С, В1, В, РР тәрізді толып жатқан дәрумендер бар. Шопағы (дәні) бағалы органикалық қышқылдарға, май, басқа да пайдалы заттарға бай. Семіз адамдарға жеп тұруы өте-мөте қажет. Себебі асқабақтың калориясы аз. Асқабақ ішек жолдарының сырқаты бар, атеросклерозбен ауыратын адамдар үшін асқабақтан жасалған тағамдарды ештеңемен алмастыруға болмайды. Асқабақ құрамында калий көп болғандықтан, жүрегі ауыратын адамдарға мейлінше пайдалы. Бүйрек, бауыр ауруы бар барлар, остеохондрозбен сырқаттанғандар күн сайын бір стақан асқабақ шырынын ішсе тиімді. Асқабақ шопағы іштегі құрттарды жояды. Дәнін кептірген соң бал қосып қайнатады. Балаларға бір сағат ішінде 75 грамнан 200 грамға дейінгі мөлшерде дәнін жегізу керек. Қою тұнба жасап ішкізген одан да жақсы.
|