Сөз атасы-құлақ, Жол атасы-тұяқ, Су атасы-бұлақ.
Жақсы байқап сөйлер, Жаман шайқап сөйлер.
Аяғы жаман терді былғар, Аузы жаман елді былғар. Суды шым тоқтатар, Сөзді шын тоқтатар.
Біреудің сөзі әдемі, Біреудің көзі әдемі.
Шешеннің сөзі мерген, Шебердің көзі мерген.
Ойнап сөйлесең де, Ойлап сөйле.
Сөз сүйектен өтеді, Таяқ еттен өтеді.
Аталы сөзе, Арсыз жауап қайырар. Ақ пен қараны, Шындық айырар.
Тау мен тасты су бұзар, Адамзатты сөз бұзар.
Тоқсан ауыз сөздің, Тобықтай түйіні бар.
Сөз жүйесін бапса, Мал иесін табар.
Көп сөз көмір, Аз сөз-алтын.
|