Біраз тәлім айтайын балаларға, Жолдас болмас тұйғын мен қара қарға. Таңдап тауып өзіңнің теңіңді сүй Дос-жарансыз өмірде дара қалма.
Болғанда шәйнек күміс, тәлеңке алтын, Досыңмен жақын жүрген болма салқын. Досыңмен жақын жүрген болсаң салқын, Болмайды бұрынғыдай көңіл жарқын.
Арғымақтан ат жақсы, шабыс болса. Ағайыннан жат жақсы таныс болса. Жолдас болсаң жаманмен жарға жығар, Жазатайым аяғың шалыс болса.
Бір жүйріктен бір жүйрік қалыспаған, Жолдасыңа жолдасым таныспаған. Екеуіңнің сауабын біз алайық, Жақсы болмас жақсыдан алыстаған.
Жүйрік бар жүйрікте де шыға салма. Досың тұрып, дұшпанның тілін алма. Жолымды қосар болсаң жақсыға қос, Тап қыла көрме, тағдыр, пейілі тарға.
Ел ішінен жазып алып құрастырған О. Арқар.
|