Биікке келсе самғағың, Сөз-саты, соны аңдағын.
Кім сөйлейді,-онда емес әңгіме, Ең бастысы-айтқан сөзі мәнді ме?!
Біреуді білгің келсе достасқалы, Істес бол, не жолға шық қостас-тағы.
Жарамасаң айқаста тартысуға, Қараңды өшір, жолама жау тұсына.
Ақылы бар жауды алыстан абайла, Ессіз досты жолатпа да маңайға.
Қас дұшпаның шыбындай-ақ болса да, Қор санама, асқар таудан зор сана.
|