Воскресенье, 07.12.2025, 07:59
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 23
Гостей: 23
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Апрель » 09 » Қымбат тағылым
Қымбат тағылым
22:36
Марат Тоқашбаевтың "Ерлі-зайыптылық ережесі" атты кітабындағы кеңестерді назарларыңызға ұсынамыз
Күйеуін құрметтеген әйелдің абыройы артық
Әйел адам табиғатында үйдің тіршілігі мен бала табу үшін жаратылған. Сондықтан ері асырайтын болса, жұмыс істеймін демей-ақ отбасы, ошақ қасында бала тәрбиесімен айналысып отырғаны абзал.

Күйеуін билеуге ұмтылу, оны басқаруға тырысу әйел адамға бедел әкелмейді.

Ерлі-зайыптылардың әрқайсысы өз міндетін атқаруы тиіс. Отбасының бірлігін сақтағысы келген әйел кейде естіп тұрып керең, көріп тұрып соқыр болуы қажет.

Балаларын аш қалдырып өзіне қымбат киім алу, үйдегі азық-түлік қорын үзіп алып, үйге қонақ келсе дастарханға не қоярын білмей абыржу, үйі ыбырсып жатқанда өзі боянып отыру сияқты қисынсыздықтар әйелге абырой әкелмейді.

Жігіттің туыстары, достары алдындағы беделі көп жағдайда әйелінің қандай пікір тарататындығына байланысты. Егер әйелі күйеуін көтермелей сөйлесе, оның беделі де күн санап көтеріле береді. Ал жер-жебіріне жетіп, төмендетіп отырса, одан сорлы адам болмайды.

Әйел адам күйеуінің абыройын қорғап отыруы тиіс. Азаматын құрметтеу арқылы әйел өзіне де құрмет сезімін оятады.

Әйелдің шынайы бақыты күйеуін билеуге емес, оған лайықты жар болып, азаматының қоғамдық өмірдің биік сатыларына көтерілуіне көмектесуде. Күйеуі төрде отырған әйел ешқашан босағада отырмайды.

Отағасының міндеті-бала-шағасын асырап, бағуы болса, әйелдің күйеуінің алдындағы міндеті-әкесін құрметтейтін ұрпақ өсіруінде.

Әйелді бақытты ету ерлерге байланысты
1.Әйелді әр уақытты құрмет етіп, сыйлық жасап тұру керек. Әсіресе зергерлік бұйымдарды (сырға, жүзік, білезік, алқа) сыйлап тұрған жөн. Себебі бұл бұйымдардың өмірі ұзақ болады, ал әйел сыйлықтарды көрген сайын саған деген құрметі артып отырады.
2.Үнемі әйелге жылы сөйлеп, оның рухын көтеретін қанатты сөздерді айтудан жалықпа. "Еркек көзімен, әйел құлағымен сүйеді" деген. Мүмкін болғанша мақтай біл. Сонда әйел марқайып, алдыңа төселе кетеді.
3.Әйелдің сөзіне құлақ салу керек, өйткені ол-ана. Есті аналар адастыратын ақыл айтпайды. Ол жеке басы үшін емес, отбасының бақытты болуы, балалардың жарқын келешегі үшін шырылдайтынын ұмытпа. Ұнамаса да сөзін бөлмей тыңда. Тіпті келісетін жай болмаса, ашу шығарма, жәй басыңды изеп қоя сал.
4.Өзіңнен кеткен қателіктер болса әйелдің көңіліне қаяу түсірмей, кешірім сұра. Кешірім сұраудан кішірейіп қалмайсың. Есі бар, сезімі бар әйелдің барлығы кешірімшіл. Ол үлкен қателігіңді де кешіреді. Әйел отбасының берік болуын еркектен артық сезінеді. Сол үшін дер кезінде кешірім сұрау керек.
5.Әйелді жылатпауға тырыс. Әрбір тамшы жасымен бірге саған деген махаббаты да сыртқа төгіліп, саған деген сезімдегі жылуы азая береді. Сондықтан дөрекі сөйлеп, қол көтеруден аулақ бол. Өзіңе қандай жағдай қаласаң, оған да сондай қарауың керек. Әйел күлсе әлем күледі, әйелдің көңіл күйі отбасының ауа райымен тең. Сол үшін әйелді аялай біл. "Әйелдің бақыты-санің бақытың" деген сөз бекер айтылмаған.
6.Әйелді өзіңе ынтықтыра түсу үшін тұйықтау болған жөн. Құшағы қалап тұрса да өз-өзіңді тежеп, ұстай біл. Сол кезде әйел өзін қылықсыз көріп, өзіне көңіл аударту үшін сенің қас-қабағыңды бағатын болады.
7.Әйелдің ісіне араласпаған жөн. Ақымақтық әрекет жасап тұрғанын біліп тұрсаң да бұрыстығын айтудың керегі жоқ. Кейіннен әйелдің өзі-ақ мұның ақымақтық екенін мойындайды.
8.Әйелге орынсыз бұйрық беріп сөйлеуге болмайды. Әйел қауымы қызық халық. Одан да қас-қабағыңмен бағындыра біл. Әйелмен ерегесіп пайда таппайсың. Үндемей отыра берсең, өзі-ақ келіп сенің ойыңды сұрайды.
9. Ер адам отбасындағы қиыншылықтарға төзе білу керек. Сен тірі тұрғанда әйел ештеңеден қорықпау керек.
Категория: Этикет | Просмотров: 1156 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Апрель 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz