Воскресенье, 07.12.2025, 06:31
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 6
Гостей: 6
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » Заңгер кеңесі
« 1 2 3 4 »
Сұрақ:
Мен бала асырағым келеді. Мен үйленбегенмін. 2 рет үйленіп, енді үйленбеймін деп шешкенмін. Жасым 37, қызмет етемін, бөлек пәтерім бар. Бала асырау үшін қандай  құжаттар қажет және ол үшін қайда баруым керек? Және де некесіз бала асырауыма бола ма? Арман

Жауап:
Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 91 бабының 11 тармағына сәйкес анасының қайтыс болуына немесе оның ата-ана құқықтарынан айырылуына байланысты баланың кемінде үш жыл іс жүзінде тәрбиелену жағдайларын қоспағанда, тіркелген некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) еркек жынысты адамдардың бала асырауын ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1161 | Добавил: модератор | Дата: 15.01.2013

Сұрақ: Мен әйелімен айрылысқанмын. Екі жақтың келісімі бойынша балалар, екі ұлым аналарымен тұрады. Қазір үлкен ұлым 13 жасқа толды және жиі менімен тұрғысы келтінін айтады. Қай жастан бастап бала кіммен тұрғысы келетінін өз басымен шешеді? Ол үшін соттың шешімі қажет пе? Алдын ала алғысымды айтамын. Рысбек

Жауап: Қазақстан Республикасының Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 62 бабына сәйкес бала отбасында өз мүдделерiн қозғайтын кез келген мәселенi шешу кезiнде өзiнiң пiкiрiн бiлдiруге, сондай-ақ кез келген сот немесе әкiмшiлiк iсін қарау барысында тыңдалуға құқылы. Бұл өз мүдделерiне қайшы келетiн жағдайларды қоспағанда, он жасқа толған баланың пiкiрi міндетті түрде ескерiлуге тиіс. Бұнда ата-ананың қайсысымен тұру туралы&nb ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 964 | Добавил: модератор | Дата: 15.01.2013

Сұрақ: Менің балконымдағы жарнаманы қалай алуға болады? Оны өз бетімен алуыма құқығым бар ма? Қанат

Жауап: Сіз жарнаманы  қолыңызда сіздің үйіңіздің  барлық иеленушілер жиналысының  шешімі немесе заңды күшіне енген соттың шешімі болғанда ала аласыз.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабының 47 тармағына сәйкес: үй-жай - тұрғын үйдегі (тұрғын ғимараттағы) жеке ішкі кеңістік. Үй-жай қабырғасының, еденінің және төбесінің (қабатаралық жабынның) ішкі әрленбеген беті, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе меншік иелері арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, әрбір үй-жайдың шекарасы болып табы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1015 | Добавил: модератор | Дата: 15.01.2013

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Мен айрылысқанмын, 2 балам бар. Балаларымның әкесі  бір қалада тұрғанымен, көп жылдар бойы алимент төлемейді. Бұл жағдайда не істеуге болады?  Ол жұмыс істейді. Сот орындаушысына баруым ешқандай нәтижеге әкелген жоқ. Бұл мәселені қалай шешуіме болады?  Жанар

Жауап:
Сот орындаушысынан жасалған әрекеттер жайында ақпаратты алыңыз. Жазбаша түрде сот орындаушысынан борықшор туралы мәліметті бере отырып, алиментті өндіруді талап етіңіз. Сот орындаушысының  әрекетсіздігі жөнінде сот актілерін орындау жөніндегі департаментке, прокурорға немесе сотқа шағымданыңыз. Борышқордың алиментті төлеуден жалтарғаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартуды талап етіңіз.

Юрист Адина А.
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 976 | Добавил: модератор | Дата: 15.01.2013

Сұрақ:  Машина атамның  тыл еңбегіне қатысқан, зейнеткердің иелігінде. Көлікке деген салықтан босатылу үшін қандай құжаттар қажет? Балжан

Жауап: Кезекті техникалық  қарау өткен кезде көлік құралына төленетін салықтан босату құқығын беретін құжатты ұсыну тиіс. Бұл жағдайда  ҰОС кезінде тыл еңбеккері болғаны және  жеңілдік туралы ескертпесі бар зейнеткер куәлігі  тиісті құжат болып табылады.
Қосымша Сізге Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексінің 365 бабын ұсынамыз:
365-бап. Салық төлеушiлер
      1. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1375 | Добавил: модератор | Дата: 27.09.2012

Сұрақ: Мен екінші баламды босандым, осы екінші балаға мемлекеттен төленетін ақшаны алу үшін, сабезге құжаттарды тапсырғанда баланы міндетті түрде үй кітапшасына (прописка) отырғызу керекпа?
Жаннат

Жауап: 2005 жыл 28маусымдагы #63 «Балалары бар отбасыларына мемлекеттік төлемдер туралы» Заңының 5 бабына сәйкес арызданушы: 1.ҚР Үкіметімен бекітілген нысандағы арыз; 2.Баланын туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3.Арызданушының жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі; 4. Отбасының тұргылықты жерін растайтын құжат көшірмесін; 5. Отбасы ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 975 | Добавил: модератор | Дата: 15.07.2012

Сұрақ: Мен 6-сынып оқушысының анасымын. Біздің мектепте көктем сайын әр сенбі күні сенбіліктер өткізіліп жатады. Жазда да жазғы тәжірибелер өткізіледі. Бұндай әрекеттер заңды ма? Мектеп бұндай жұмыс түрлеріне балаларды тартуына құқығы бар ма?
Гульнар


Жауап: Мемлекетіміздің басты  заңы Конституцияға сәйкес еңбек етуге мәжбүрлеуге  тыйым салады. Қазақстан Республикасының Конституциясының 24 бабының 1 тармағына сәйкес,  әркiмнiң еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсiп түрiн еркiн таңдауына құқығы бар. Ерiксiз еңбекке соттың үкiмi бойынша не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол берiледi. Еріксіз еңбекке тарту сондай-ақ,  Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 8 бабымен де тыйым салынады.
Мәжбүрлі еңбек бұл қандай да бір тұлғаны ерікті түрде өз қызметін атқармауына ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1031 | Добавил: модератор | Дата: 10.07.2012

Сұрақ: Менің орындалмаған 450 000 тенге  сомасындағы сот шешімі болғандықтан, мен автокөлігімді әйеліме жаздыртқан едім. Сот орындаушылары автокөлігіме  арест салған еді. Оны менің автокөлігімнен алуыма бола ма?
Альфия


Жауабы: Бұл жағдайда тыйым салу дұрыс қолданылды, себебі ерлі-зайыптылардың  жеке меншігі ортақ болып табылады, және де ол кімнің атына жазылғанына қарамастан бұл ереже қолданылады. Осы  жерде ерекше жағдай болып,  авокөліктің  сіздің жұбайыңызға сыйланған не мұрагер ретінде алынған болса ғана бұл ереже қолданылмайды.
Ерлі-зайыптылар міндеттемелері бойынша  өндіру  Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Кодексі мен Қазақстан Республикасының «Атқару өндірісі мен сот орындаушыларының  мәртебесі туралы» Заңымен  реттеледі. ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1004 | Добавил: модератор | Дата: 02.07.2012


Сұрақ:Мемлекеттік мекемеде 15 жыл қатарынан қызмет етемін. 2 жыл бұрын маған қызметтік пәтер берілген болатын. Бастықтар  ауысып, енді пәтерді босатуды сұрайды. Мен бұл ұйымда қызметімді жалғастырудамын. Олардың  талаптары заңды ма? Мен бұл пәтерді жекешелендіре аламын ба? Бұл жағдайда, басқа тұрғын-үй болмағаннан кейін,  осы пәтерге байланысты  сот арқылы өз мәселемді шеше аламын ба?
Зауреш
... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1400 | Добавил: модератор | Дата: 25.04.2012

Сұрақ:
Менің  бірінші некеде тұған ұлым ЖОО 3 курсында күндізгі бөлімінде оқиды. Бұрынғы күйеуім,  балам 18 жасқа толғаннан кейін  материалдық көмек  көрсетуді қойды. Қазір менің екінші некеде тұған ұлым да студент. Екі оқушыны асырау өте қиынға соғады, себебі менің екінші күйеуімізбен ортақ  қызым бар. Ол мектеп оқушысы.  Мен бірінші күйеуімнің  қаржылық көмегін сұрай аламын ба, егер де оның отбасында балалары болса?
Индира

... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1383 | Добавил: модератор | Дата: 24.04.2012

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менің мынадай сұрағым бар, көп пәтерлі үйдің подьездінде орналасқан пошта жәшіктері кімнің иелігінде болады? Олар ортақ меншік болып санала ма әлде әр тұрғын өз жәшігінің иесі бола ма? Егер де жөндеу кезінде  пошталық жәшіктерді алып тастау туралы шешім тұрғындардың көбімен қабылданып, ал қалған тұрғындар қарсы шығып жатса, олар алынуға  жата ма? Мадина

Жауап:  Қазақстан Республикасының «Пошта туралы» Заңының 1 бабының 2 тармақшасына сәйкес абоненттiк почта жәшiгi - адресаттардың почта жөнелтiмдерiн алуы үшiн тұрғын үйлерде, сондай-ақ ауылдық жерлердегi жеткiзу учаскесiнде орнатылатын, жәшiктерi бар құлыпталмалы арнайы шкаф.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабының 24 тармақшасына сәйкес,  абоненттік почта жәшіктері  кон ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1033 | Добавил: модератор | Дата: 12.01.2012

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Жуықта қаланың орталық көшелеріне шығатын 3-бөлмелі пәтерді сатып алған едім, енді бірі пәтерді қайта өңдеп дүкен ретінде  пайдалану ойым бар. Сұрағым мынадай, бұл  пәтерді тұрғын-үйден дүкенге ауыстырып, өңдеу үшін көршілермен келісу қажет пе?
Равиль


Жауап: Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұрғын-үйдің немесе оның бір бөлігін тұрғын үй  қажеттілігі үшін емес пайдалану тек Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» Заңында көрсетілген нормалармен ғана беріледі.
Жоғарыда айтылған Заңның 4 бабының 2 тармағына сәйкес тұрғын үйдi пайдалану оның бұзылуына немесе бүлiнуiне әкелiп соқпауға, басқа тұрғындардың тұру жағдайларын бұзбауға, қоршаған ортаға залал келтiрмеуге тиiс. Заңның 4 бабының 3 тармағы, тұрғын үйдегi тұрғын үй-жайлар мен тұрғын емес үй-жайларды қа ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1005 | Добавил: модератор | Дата: 10.01.2012

Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Біз жер учаскесін сатып алып, барлық құжаттарды реттеп, жерге деген меншік құқығын тіркедік. Меншік құқығы заңмен қорғалады.
Кімде-кім, мәселен, көрші учаскенің иеленушілері біздің учаскімізге пайдалану құқығына иелене ала ма?
Асқар


Жауап: Көршi  жер учаскесiн шектеулi пайдалану құқығы жеке сервитут деп аталады. Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 69 бабына сәйкес көрші немесе өзге де  мүдделі тұлға бұл құқықтарды беру жөнінде келесі жағдайларда талап ете алады:
 -  егер жеке меншiк иесiнiң немесе жер пайдаланушының өз учаскесiне басқа жолмен өтуi мүмкiн болмаса, өте қиын бол ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1055 | Добавил: модератор | Дата: 09.01.2012

Сұрақ: Біз 3-бөлмелі пәтерде күйеуім екеуіміз  тұрамыз. Бір жыл бұрын  қаражаттың жетіспеушілігінен  пәтеріміздегі бос бөлмені жалға бердік.  Енді жалдаушылар өздері ауылда тіркелгендіктен, сонымен байланысты қиындықтардан өздерін біздің пәтерімізде тіркеуін сұрады  Біз бұл адамдарды пәтерімізде тіркесек болашақта біздің пәтерге деген қандай да бір құқықтары пайда бола ма? Пәтерден айырылып қалу  қаупі бар ма?
Ғалия.

Жауап: Пәтердің иелері болып құқықтанушы құжаттарда көрсетілген тұлғалар  ғана бола алады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық ко ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1091 | Добавил: модератор | Дата: 06.01.2012

Сұрақ: Мен басқа облыста тұрып жатырмын, ал менің балам мен оның анасы менен алыста. Мен өз балама қалай әке атала аламын, егер де мен оларға келе алмасам. Оның анасы әкелікке қарсы емес,  бұрын  бұл әрекетті жасай алмадым. Неке тіркелмеген еді. Не істеуім керек?
Самат.


Жауап:
Азаматтық хал актілерін тіркеу  жөніндегі ережелердің 57 тармақшасына сәйкес ата-ананың  әкелікті анықтау туралы біріккен арызы АХАЖ  органдарына  олардың біреуінің  тұрғылықты  жері бойынша беріледі.  Бiрлесiп арыз беру қиын болған жағдайда АХАЖ органына баланың әкесi мен анасы арызды бөлек беруi мүмкiн.   Әкелікті анықтау,  Ережелердің 58 және 59 тармақшаларымен қарастырылған жағдайладан басқа, АХАЖ органдарымен ата-анасының екеуінің  қатысуымен  арыз берген күні жүзе ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 1051 | Добавил: модератор | Дата: 05.01.2012

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Декабрь 2025  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz