| Статистика |
 |
 |
Онлайн всего: 6 Гостей: 6 Пользователей: 0 |  |
|
Главная » Заңгер кеңесі
Сұрақ:Мен Алматыда тіркелгенмін, бірақ жанұялық жағдайлар бойынша Өскеменге көштім. Жаңа жерде балам туды. Бұрынғы жерге барып тіркеуден шығуға мүмкіндік жоқ. Бала көтеру және босану бойынша жәрдемақы алуға қазіргі тұратын жерімде мүмкіндік бар ма? СанияЖауап:Әрекет етуші заңнамаға сәйкес баланың тууына арналған жәрдемақы тура өтініш берушінің тұратын жері бойынша беріледі. Бұны растау үшін сәйкесінше құжаттар талап етіледі. Мәселені шешу жолдары:
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Салеметсиз бе! Менин агам айелинен ажыраскан болатын. Бирак ози жумыссыз. Алимент толеуге миндетти ме жумыста болмаса да? Ажыраскан кезде сот орындаушылары 2 уйди болип берди. Агам жумыс жасамаса да сол уйдин пропискасында турган адамнан алимент талап ете ала ма? (Диана)Жауап: Сәлеметсіз бе! Бұл жағдайда ағаңызға алимент төлеуге тура келеді. Себебі Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi» туралы 2010 жылғы 2 сәуірінде қабылданған Заңның 99 бабында борышкердің жалақысы (айлығы) болмаған жағдайда алимент өндіру жағдайлары көрсетілген. Алайда сіздер алименттің мөлшерін сот арқылы ағаңыздың қиын материалдық
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Сәлеметсізбе! Мен жақынжа сот арқылы жолдасымен ажырастым. Бір қызым бар, алиментке арыз бердім. Менің білгім келгені: әйел адамға бұрынғы күйеуінен қандай көмек ала аламын заң түрінде. Заңда қарастырылған ба? Гулназ
Жауап: Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңының 124 бабына сәйкес Ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Кәмелетке толмаған балаларды асыраудың тәртібі мен нысанын ата- аналар дербес айқындайды. Ата-аналар осы Заңның 20-тарауына сәйкес өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағу туралы келісім (алимент төлеу туралы келісім) жасауға құқылы. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Ата-аналардың алимент т
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Мені жумысқа бір рет келмеген үшін жұмыстан шығарып, сонымен қатар айыппұл салмақшы. Жұмыс берушінің мұндайға құқығы бар ма? Шалқар Жауап: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 54 бабының 6 тармақшасына сәйкес жұмыс берушiнiң бастамасы бойынша еңбек шартын бұзудың негiзi болып қызметкердің бiр жұмыс күнi (жұмыс ауысымы) iшiнде дәлелдi себепсiз үш және одан да көп сағат бойы жұмыста болмағаны бола алады.Сонымен қатар заң жұмысқа шықпаудың ерекше себептер тізімін қарастырмайды, сондықтан да жұмыс беруші қызметкермен жеке еңбек шартын бұзу жөніндегі шешімді шешпестен бұрын, қызметкердің дәл бұндай әрекетіне түрткі болған себептерді обьективті түрде қарастыру тиіс.Сол мақс
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Менің інім бірінші баласы туғанда әйелі оған алиментке арыз берді, дәл сол уақытта олар бірге тұрып , олардың екінші балалары туған болатын. Олар азаматтық некеде тұратын. Енді олар айырылысып, ініме екі балаға да алиментті уақытында төлегеніне қарамастан, бірінші баласы үшін қарыз санап және пәтерді арестке салған болатын. Ол пәтерге салынған арестті алала ма? Ісмет
Жауап: Қазақстан Республикасының «Атқару өндірісі мен сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңның 99 бабына сәйкес алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы қатарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаған жағдайда олар борышкердiң кез келген мүлкiнен оған, пәтердегі үлесі де өндiрiп алынуға жатады. Тыйым салу (арест) бүкіл пәтерге емес, тек борышқорға тиесілі бөлігінде ғана салынуы мүмкін. Егер де алимент бойынша қарыз төленбесе, онда
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Мені заңсыз түрде жұмыстан шығарды. Өзімнің жұмыстан заңсыз шығарылуым жөнінде қайда шағымдала аламын? (Жанболат) Жұмыста қалпына келу бұл еңбек дауларының қатарына жатқызылады. Жеке еңбек даулары келісім комиссиясында немесе сотта қаралады. Сондай-ақ сіз өз арызыңызбен еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекторға жүгіне аласыз. Бұл лауазымды қызметкерлер еңбек заңнамаларының сақталуы жөнінде тексеріс өткізіп, жұмыс берушіге анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі міндетті ұйғарымды, бұзушыларды жауакершілікке тартуы мүмкін. Алайда, егер де жұмыс беруші өз әрекеттерін заңсыз деп танымаған жағдайда, жұмыста қалпына келу үшін, сондай-ақ жалақыны өнідіріп алу үшін, сізге сотқа шағымдануыңыз дұрыс болады. Юрист
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сәлеметсіз бе! Алиментті талап ету қандай мерзімде пайда болады: арызымды сотқа бергеннен кейін әлде одан ертерек пе? Сондай-ақ алимент төлеуді талап ету құқығы қандай да бір мерзіммен шектеле ме? (Алина)Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңның 150 бабына сәйкес алимент алуға құқығы бар адам, алимент алу құқығы туындаған кезден бастап өткен мерзімге қарамастан, егер бұрын алимент төлеу туралы келісім бойынша алимент төленбеген болса, сотқа алимент өндіріп алу туралы арыз беруге құқылы. Алимент сотқа өтініш жасалған кезден бастап беріледі.Егер сотқа арыз беруден бұрын асырап-бағуға қаражат алу шаралары қолданылғанын, бірақ алиментті төлеуге міндетті адамның оны төлеуден жалтару
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Менің еңбек шартымның мерзімі өтті, соған байланысты жұмыс беруші мені жұмыстан шығарып тастады. Алайда дәл сол кезде больничныйда болғанмын. Жұмыс беруші мені больничный кезінде жұмыстан шығаруына құқығы бар ма? (Зарина)
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 55 бабына сәйкес жұмыс берушінің бастамасымен жеке еңбек шартын қызметкер еңбекке уақытша жарамсыз және жыл сайынғы еңбек демалысында болған кезде бұзуға жол берiлмейдi. Соған сәйкес, Сіздің жағдайыңызда жұмыс беруші сізбен еңбек шартын бұзуына еш құқығы жоқ деген сөз. Алайда, уақытша еңбекке жарамсыздықтан кейін жұмыс беруші Сізбен еңбек қатынастарын бұзуына құқығы пайда болады. Юрист Адина А.
|
Сұрақ: Тіркелмеген немесе «азаматтық» некеде туған балаларға алимент өндірілуі мүмкін бе? (Жансая)
Жауап: Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» туралы Заңының 124 бабына сәйкес ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап-бағуға міндетті. Егер ата-аналар өздерінің кәмелетке толмаған балаларын асырап- бағуына алмаса, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағуға арналған қаражат (алимент) ата-аналардан сот тәртібімен өндіріп алынады. Сондай-ақ, заң алиментті төлеу міндетін балалардың некеде немесе некесіз туылғанына тәуелсіз қояды. Егер азаматтық некедегі азамат өз әкелігін дауласа, ол сот тәртібінде бекітілуі мүмкін.
Юрист Адина А.
|
Сұрақ: Мен компанияда екі жылдай жұмыс жасадым, алайда бірде бір еңбек демалысын алған емеспін. Қазір жұмыстан кеткей жатырмын. Менің пайдаланбаған демалысым үшін жұмыс беруші компенсация төлеуге міндетті ме? (Қанатбек)
Жауап: ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек шарты тоқтатылған кезде жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланылмаған күндері үшін өтемақы төлемі жүргізіледі. (ҚР ЕК 110б.)
Юрист Адина А.
|
Сұрақ: Маған көмектесіңізші! Мені, және қасымдағы тағы 10 қызметкерді 2 айдан кейін қысқартыласыңдар деп себебін, негізін түсіндірместен факт үстінде қалдырды. Біздің естуімізше бұл жалпы штаттық лауазымдардың қысқартылуымен емес, нақты адамдарға байланысты жасалуда. Айтыңызшы, бұл заңды ма және жұмыс орнымды сақтап қалуға мүмкіндігім бар ма? (Сырым)Жауап: ҚР Еңбек кодексіне сәйкес қызметкерлер саны немесе штатты қысқарту жұмыс берушінің еңбек шартын бұзу негізі бола алады (ҚР ЕК 54б. 2т.). Қысқарту кезінде жұмыс беруші еңбек шартын бұзатыны туралы қызметкерге бір ай бұрын жазбаша ескертуге міндетті (ҚР ЕК 56б. 1т.). Ескертуде қысқартудың себебін көрсету тиіс: бұл қызметкерлер санының қысқартылуы ма, әлде, штаттың қысқартылуы ма.Б
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Мен сыртттай оқып, жұмыс істеймін. Мемлекеттік қызметтемін, бірақ оқуым жұмысыма қатысты емес. Маған сессиям төленуі тиіс пе? (Жазира)
Жауап: Қандай да болсын төлемдер мен компенсациялар еңбек және ұжымдық шарттарымен қарастырылуы тиіс. Егер де сіздің оқитын мамандығыңыз жұмысқа қабылданған мамандығыңызға сәйкес болған жағдайда, сессия толық төленеді. Жұмысқа орналасу кезінде барлығын да жұмыс берушімен келісуіңіз тиіс. Сессияңыз төленсін десеңіз ҚР Еңбек кодексінің 144 бабына сәйкес сіз жұмыс берушіңізбен нақты оқыту шартын жасасуыңыз тиістісіз.
Юрист Адина А.
|
Сұрақ: 9 сыныптан кейін колледжге түсу кезінде жетімдерге қандай да бір жеңілдіктер көзделген бе? Тегін оқуыма құқығым бар ма? (Ильяс).
Жауап: 27 шілде 2007 жылғы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес мемлекет тегін мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуын, сондай-ақ егер азамат осы деңгейлердің әр қайсысында бірінші рет білім алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес тек конкурстық негізде тегін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуын қамтамасыз етеді.
Жетім – балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар үшін білім беру ұйымдарына түсу кезінде бекітілген мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінен
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Менде мынадай сұрағым бар, мүгедек-баланы күткен адамдарға қандай әлеуметтік төлемдер бар? Алдын ала рахмет! (Аружан)
Жауап: Отбасын бекіту мен мүгедек-балаларды тәрбиелеуші ата-аналарға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, 2009 жылдың 2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жекеленген азаматтар категорияларына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде» Заңы қабылданған болатын, оған сәйкес, 2010 жылдан бастап 18 жасқа дейін мүгедек-балаларды тәрбиелеуші тұлғаларға, минималды жалақы (15 999 тенге) мөлшеріндегі жаңа жәрдемақы енгізілді.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Сұрақ: Сәлеметсіз бе! Жуықта Ішкі істер органдарының қызметкерлері жұмыстан шығып бара жатқан сәтімде куәгер болуымды сұрады. Мен қарсылық білдірген жоқпын. Ал жалпы менің бұл жағдайда куәгерліктен бас тартуыма құқығым бар ма? (Жарқын)
Жауап: Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 86 бабына сәйкес Қылмыстық iзге түсу органы ҚР ҚІЖК-де көзделген жағдайда тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзу фактiсiн, оның барысы мен нәтижелерiн куәландыру үшiн тартқан адамдар куәгерлер болып табылады. Олар өздерiнiң қатысуымен болып жатқан iс-әрекеттердi толық және дұрыс қабылдауға қабiлеттi, iске мүдделi емес және қылмыстық iзге түсу органдарына тәуелсiз кәмелеттiк жастағы азаматтар ғана куәгерлер бола алады. Тергеу iс-әрекеттерiн жүргiзуге кемiнде екi куәгер қатысады.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |
|
|
| Календарь |
 |
 |
| « Декабрь 2025 » |
| Пн |
Вт |
Ср |
Чт |
Пт |
Сб |
Вс |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | | 29 | 30 | 31 | |  |

|