Көргенді кісі көргенін айтар, Көргенсіз кісі бергенін айтар.
Етігі жаман төрге шыға алмас, Жеңі жаман ас іше алмас.
Екі жаман ауыл болмас Ауыл болса да қауым болмас.
Жаманға жалынба, Адамға табынба.
Жалқауға дәулет үшін Ұйқы берер, Жаманға ақыл үшін Күлкі берер.
Жаман адамға мал бітсе, Жақынын танымас.
Жаманның ақылы Түстен кейін кіреді.
Жаман жігіт той бұзады, Жаман әйел үй бұзады.
Біреуге қылған жамандығың Алдыңа келер.
Өкпеден соққан жел жаман, Елінен безген ер жаман.
Жаманға ақыл айтсаң, алдайды дер, Жаман атпен су кешсең, жалдайды дер. Жалғасы бар...
|