| Статистика |
 |
 |
Онлайн всего: 16 Гостей: 16 Пользователей: 0 |  |
|
Главная » 2010 » Август » 15 » Жапон мақал-мәтелдерінен
Жапон мақал-мәтелдерінен | 04:49 |
Көргенді көгершін әке-шешесінен үш бұтақ төмен бұтақтайды.
Қайырымдылыққа қанжар қарсы сілтенбес.
Ғашықтықтан аштық күшті.
Ақшалы болса ақымақ та төре.
Кішіпейілдік-кемеңгерліктің көркі.
Сырттан баққанның сегіз көзі бар.
Тымырайған мысық тышқанды көп ұстайды.
Осал жауды қор тұтпа. Жағалы жаудан қорықпа.
Сыйға бергенді сынамас болар.
Құлағын басып алып қоңырау ұрлағандай.
Ит болсаң, үлкен үйдің иті бол.
Удың да дәрі болар кезі бар.
Даруы күшті дәрінің дәмі кермек.
Әлсіздің де әлі бар.
Қынабынан қылыш суырмай-ақ даңқы шыққан батыр.
|
|
Категория: Мақал-мәтелдер |
Просмотров: 1182 |
Добавил: модератор
| Рейтинг: 0.0/0 |
|
|
|

|