Адамның жасы ұлғайған сайын ұмытшақ бола бастайды. Кейде бір нәрсеге жұмсағыңыз келген балаңыздың атын ұмытып, үйдегі бар ұл-қыздарыңыздың атын түгендеп шығасыз. Немесе жұмыста біреуге тапсырма бергіңіз келсе, атып ұмытып: «Кім... Кім... бері келші... былай істеші?..» деп отырғаныңыз. Мұндай ыңғайсыз жағдайдан құтылудың жолы: В12, В6, витаминдерін, Е витаминін, бидайдың талқанын, бидайдың өркенін, жұмыртқаны, қоңыр түсті күрішті, қара жидекті көп пайдаланыңыз. Балықта, жаңғақта (грек), шемішкеде жүйке жұмысын жақсартатын омега-3 қышқылы көп. Сонымен қатар, бұлар мидың жұмыс істеу қабілетін де жақсартады және ұмытшақтықты болдырмайды. Асқабақтың шопағында цинк бар, ол есте сақтау қабілетінің және мидың жақсы жұмыс істеуіне көп септігін тигізеді. Күніне бір уыс асқабақтың шопағын жеуді дағдыға айналдырған дұрыс. Мидың анықтығына қарақат жидегінің де көмегі көп.
|