1. Басты жауың-жалқаулық Сорлататын жаныңды. 2. Осалдығың-аңқаулық Соқтыратын саныңды. 3. Жасқаншақ болсаң, ұры алар Қоралап қойған малыңды. 4. Жалатқызбас жасықтық, Аузыңдағы балыңды. 5. Өтірік айтсаң өңмеңдеп, Жоғалтасың арыңды. 6. Өсек терсең телмеңдеп, Суға кетірер салыңды. 7. Көпірме босқа мақтан қып, Түкке тұрмас барыңды. 8. Көрінгенге жалтақтап, Бола алмайсың жағымды. 9. Біреуге алдап арбаумен, Аша алмайсың бағыңды.
|