Көшеде Көшеде бір әйел такси тоқтатып: -Перзентханаға,-десе керек. Таксист жын құйғандай жүйтки жөнелген екен, әйел: -Қатты асықпай-ақ қойыңыз, мен ол жерде тек жұмыс істеймін,-депті.
Бал жеу керек Хайуанаттар бағында аю мен бегемотты қатар орналастырыпты. Бегемот өзіне қарап қалған сайын аю «Паһ, шіркін!», «О-Һо!», «Ғажап!» деп басын шайқай берсе керек. Әрі-беріден соң әбден қысылған бегемот: -Не болды саған, сонша тамсанып?-деп сұрапты. Сонда аю: -Қайран қор болған ауыз-ай, мұнымен тек бал жеу керек қой!-депті.
Шабадан Әйел деген чемодан сияқты. Алып жүру ауыр. Тастап кетуге қимайсың.
Қамқоршылын... Күйеуі әйелінің базардан ауыр сөмкемен үйге оралғанын көріп: -Қымбаттым, сенің жасыңа келген әйелге мұндай ауыр зат көтеруге болмайды,-депті. -Енді не істе дейсің? -Екі рет барып келсең де болады ғой.
|