От алмай жатыр -Жолдас полковник! Мәшинеміз от алмай жатыр. -Түк етпейді! Кеттік, сонан кейін от алдырасың!
Өрт Монша өртеніп жатты. Өрт сөндірушілер оның жанына асығыс келсе, моншаның қасында қарқылдап күліп бір еркек тұр: -Ағайындар, кешігіп қалдыңдар,-дейді әмбе. -Кешігіп қалғаның не, монша әлі өртеніп жатыр емес пе? -Моншаның өртеніп жатқаны рас-ау, бірақ жалаңаш әйелдердің бәрі ілезде жан-жаққа қашып кетті қазірдің өзінде!
Мектепте Еңбек сабағы. Мұғалім: -Техника хауіпсіздігінің негізгі ережесі саусақтарды розеткаға тықпау болып табылады! -Саусақтар оған сыймайды ғой! -Ал сен оған темір шегені кіргізіп көр, жарымес!
Шетелдік әзілдерден -Кеше біздің бастығымыз кеңсе мысығын ғимараттан асқан шеберлікпен қуып шығыпты. Көпшіліктің айтуы бойынша әлгі мысық бастығымыздың орнынан дәмелі көрінеді...
Жақсы көрмейтін сияқты -Менің күйеуім мені бұрынғыдай сүймейтін секілді. -Ал мұнысын қалай сездің? -Соңғы үш жылда бір де рет үйге бас сұққан жоқ.
Зоопаркте -Шеше, маған піл сатып берші,-дейді баласы. -Оны қалай асыраймыз? -Түк те бермейміз. Мұнда жазылып тұр ғой: «Пілді тамақтандыруға қатаң тыйым салынған!»
|