Өмір белестерінің өткен шақтарын кейде оймен шолып отырғанда кейбір жолдастардың барынан жоғы жақсы ма деп қалатының шындық. Ол кезде осы өзіміздің қаланың "Масақ" деген дүкені маңында көп пәтерлі үйлердің бірінде, бесінші қабатында тұратын едім. Жасым отыз бестен жаңа асқан кез еді, тегінде ауылда өскен кісі өзінің ауылдастарын ұмыта қоймайды ғой, бір күні өзімен бірге оқыған Хасенғазы деген сыныптасым кездесе қалды. Үйден жаңа шыққан бетім-Хасенғазыны көріп қарқ болып қалдым. Шілденің ыстығына әбден мезі болып, салқын сыра ішемін бе деген арам ойым бар еді, Хасенғазыны көріп ол ойымды ұмыттым. Жаңағы магазиннің алдына таман жақындағанымда Хасенғазы да мені көрді ғой деймін, маған қарай жедел басты аяғын. Ауылда оқып жүргенімізде ол оқуға нашар болып, алтыншы сыныпта қалып қойған бізден. Содан қала берді, оқу қонбады мыйына. Кінә өзінде, ешкімде жазығы жоқ. Бірақ, бұрынғысынша үстіне не ілінсе, с
...
Толығымен (Подробнее)»
| |