Адамда тер бездерінің екі түрі болады. Бір түрі адамның сыртқы денесіне біркелкі жайылған, олар адамның денесін майландырып, жылылықты тәртіпке келтіріп тұрады. Екінші түрі, көбіне қолтық астында болады. Қолтық астындағы тер бездерінің терді көп шығаруы теріні қызартып, жұқа терінің сыртын жаралай бастайды. Қолтық астының терлегіштігін азайту үшін құрғатқыш заттар-танин (ағаш қабығының ұлпасы) және шалфей (дәрі шөп) жапырақтарының тұнбасы қолданылады. Қолтық астын 70 проценттік спиртпен сүртіп, соңынан бор қышқылы опасымен сүртсе де жақсы болады, сол сияқты салицил немесе формалин спиртімен, лизол ерітіндісімен (стақан суға бір ас қасық) сүртсе де пайдалы. Уротропинді опа сияқты үгіп сепкен де жақсы нәтиже береді. Екі хром қышқылды калийдің 0,5 проценттік ерітіндісін жақса да терді азайтып, иісті кетіреді. Бұл айтылған дәрілерді көрсетілген мөлшерден артық қолдануға болмайды, ол теріні күйдіріп, қызартып жіберуі мүмкін.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Ақтайлақ шешен Қанай шешеннен: -Ер басында неше бақыт нешеу? Кемдік нешеу? Құлазу нешеу?-деп сұрайды. Сонда Қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді: -Ер басында бақыт-бесеу, кемдік-үшеу, құлазу-төртеу. Астындағы атың жүрдек болса, Жалғанның пырағы: Алғаның жақсы болса, Үй мен қонақтың тұрағы: Әкең-асқар тау, Шешең-қайнар бұлақ, Балаң жақсы болса Екі көздің шам-шырағы. Міне-бес бақыт осы. -Атың шабан болса, Жалғанның азабы: Алғаның жаман болса, Дүниенің тозағы: Балаң жаман болса, Көрінгеннің мазағы. Міне,-үш кемдік осы. -Қалың ел көшсе, Көл құлазиды, Қаптаған мал кетсе, Бел құлазиды. Нарқын танымаған Сөз құлазиды, Қатарынан айрылған Шал құлазиды. Міне,-төрт құлазу осы.
| |