Воскресенье, 07.12.2025, 08:01
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 25
Гостей: 25
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Июль » 10
-Тұз-тамақ емес!
-Тұз ешқашан қорытылмайды, ендеше ағза оны пайдаланбайды. Тұздың ешқандай да тағамдық құндылығы жоқ. Керісінше, зиянды, жүрек-қан тамырлары ауруын, бүйрек, несеп жолдары ауруын туғызады. Оның құрамында ешқандай витаминдер де, органикалық заттар да жоқ.
-Тұз-жүректің уы саналады, жүйке жүйесінің ауру сезімталдығын арттырады.
-Тұз ағзадағы кальцийді жояды және асқазан-ішек жолдарының жұмысын бәсеңдетеді.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 933 | Добавил: модератор | Дата: 10.07.2010

Бұл кеңестердің түсініксіз тұстарын, ылғи еске салатынымыздай, дәрігеріңізден сұрайсыз.
Шаштың түсуін тоқтатуға қайың жапырағының қайнатпасы өте пайдалы. Ол үшін қайыңның 15-20 жапырағын алып, 2 литр суға салып қайнатады. Қайнаған соң жапырақтарды сүзіп алып, басты қайнатпамен аптасына екі рет жуады.
Сондай-ақ қалақай (крапива) тұндырмасы да шаштың түспеуіне жақсы әсер етеді. Тұндырма дайындау үшін 1 ас қасық ұнтақталған қалақай жапырағын 1 стақан қайнаған суға салып, жарты сағат бетін жауып қояды. Кейін жуылған бастың терісін осы қалақай тұндырмасымен сүртеді.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1401 | Добавил: модератор | Дата: 10.07.2010

Бір жігіт Мөңке биді көруге құмар болып, іздеп келеді. Есіктен кірген жігітке Мөңке:
-Түлкім, жоғары шық,-дейді.
Шай келеді. Бір-екі аяқ шай ішкен кезде Мөңке:
-Сыншым, сөйле,-дейді. Жігіт түсінбей отыра береді. Жігіт кетер кезде:
-Жыршым, енді ұлықсат, үй-ішіңе аман жет, ел-жұртыңа сәлем айт!-дейді.
Жігіт сауал қояды:
Сіз маған үш сөз айттыңыз. Осы тұспалдарыңызды мен түсінбедім. Нені меңзегеніңізді айта кетсеңіз.
Мөңке сонда былай деп жауап қайтарыпты:
-Түлкі құсап құбылып келдің. Әр мейман кірер кезде сен сияқты толқып келетіндіктен-соны айттым. Қонақ біраз отырған соң үйдің оң жақ, сол жағына қарап сынай баст ... Толығымен (Подробнее)»
Категория: Ел аузынан | Просмотров: 1008 | Добавил: модератор | Дата: 10.07.2010

Жаңа жеңеді, ескі өледі.

Заманы бірдің талабы бір.

Аяғың талмай, тамағың тоймайды.

Иттің тойған жері бар,
Туған жері жоқ.

Қыңырдың күлкісі де қыңыр.

Ісі іске ұсамайды,
Істен қолы босамайды.

Айлы түн адаспасқа жақсы.

Уақыты жетпесе,
Ұсынған қолың да жетпейді.

Иттің баласы енесінің
Құрсағында жатып-ақ үреді.

Атасы бұлан атпағанның
Баласы қабылан ата алмас.

Еңбек ете білмеген иелік ете білмейді.

Категория: Мақал-мәтелдер | Просмотров: 1858 | Добавил: модератор | Дата: 10.07.2010

Бақыты оянған ерлердің
Әрбір ісі оң болар.
Дәулеті күнге артылып,
Не қылса да, мол болар.
Тазылары түлкі алып,
Қаршығасы қаз іліп,
Сөз сөйлесе жөн болып,
Не десе де жарасар.
Бай, байсын деп ат қойып,
Ел аузына қарасар.
Арғымаққа міндім деп,
Артқы топтан адаспа.
Күнінде өзім болдым деп,
Кең пейілге таласпа.
Артық үшін айтысып,
Достарыңмен санаспа.
Ғылымым жұрттан асты деп,
Кеңессіз сөз бастама.
Жеңемін деп біреуді
Өтірік сөзбен қостама.
Категория: Өмір өрнектері | Просмотров: 1184 | Добавил: модератор | Дата: 10.07.2010

Бір қатын сыйлаумен қатын,
Бір қатын қинаумен қатын.
Нағыз қатын, сол қатын-
Һәр нәрсені ойлаумен қатын.

Қатының жақсы болса
Көңілді жықпас.
Ыңғайың біліп,
Сөзіңнен шықпас.
Ақымағына жолықсаң,
Өз бойына мін тақпас.
Жұмсақ сөйлесең, жеңемін деп
Мылтық жасап атсаң да бұқпас.

Қатын алсаң, таспа белді торыны ал,
Ол болмаса аққұбаның зорын ал.
Бұл екеуі болмаса, қажымайтын қараны ал.
Бұл үшеуі болмаса,
Жүзі сары, көзі көк,
Былшылдаған сөзі көп
Соған жолығарсың…
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 1242 | Добавил: модератор | Дата: 10.07.2010

Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Июль 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz