Құдайдың құдіреті! Тіпті есімді білгелі бастық болайын десем бір сәрі, армандаған жерім жоқ, күні осы уақытқа шейін яғни зейнетақы алғанға дейін ондай ой басыма кіріп шықпаған. Әдетте армандаған, қиялдаған нәрселерің түсіңе енеді деуші еді, бұл жолы бұлай болмай шықты. Қайта-қайта жаңбыр жауып әлсін-әлсін соғып маза кетіргендікі ме, немене, ұйқым бұзылып жүр еді, бүгін түнде түс көріп, түнімен қиналып есім шығып, шаршап-шалдығып әрең ояндым.Түсімде жойпан бастық екенмін деймін. Қайдан екенін білмеймін өзімнен де үлкен бір бастық телефон шалып: "Сендерден беш тыйын пайда жоқ! Шалжиып жата бересіңдер! Айтқандарыңның бәрі өтірік! Халықтың қамын ойлау деген мыйларыңа кіріп шықпайды. Қолым босамай жүр, қолым босаса, сендерді бір шыбықпен айдап, көздеріңе көк шыбын үймелетер едім!.. Жоғарыдан кісілер келе жатыр, білесің бе?!" деп ақырды. Тегі бастықтың орн
...
Толығымен (Подробнее)»
| |