Алайда, әлден уақытта, жайма шуақ көңілім жай түскендей бұзылды. "Жедел мәшинемен" жеткізген Хасенғазының әкесін екі мықты жігіт зембілмен (носилкемен) көтеріп алып келіп: "қайда жатқызамыз?" дегенде шалқамнан түсе жаздадым. Ең алғашында ештеңеден хабарым жоқ, дайындап қойған төргі бөлмедегі төсекті көрсетіп едім, әлгілер ептеп кіргізіп, кереуетке жатқызғандарын да жөнді көре алмай, соңдарынан қыстырыла қарағанымда олар зембілін қолдарына ұстап алыпты. Жүрегімнің дір еткені-науқастың беті ақ матамен жауып қойыпты. Үстінде ауруханадан ала келген ескілеу ала одеял… Мен аузымды аштым да қалдым. Ойбай-ау, мұнысы несі? Төсек салынған жоқ болатын. Шыжыған ыстықта қымтап жауып кеткендердің қылығы таң қалдырды.Үйге кешіге кірген Хасенғазы сөйлей кірді: "ақша бірдеңе бермесең, бүгінде ешкім ештеңе істемейді ғой, осылардың өзін әрең тауып келістім. Не қылған адамдар?! Ешқайсысынан қайыр-опа жоқ. Әкесі ө
...
Толығымен (Подробнее)»
| |