-Қымбаттым, гүл-гүл жайнап кеттің ғой, қазір қалайсың өзің? -О..! Мен қазір есімнен тана жаздап шаттанып отырмын, мұндай күйді бұрын-соңды басымнан өткеріп көргенім жоқ! -Онда "мөлдіріңнен" тағы да құй!
Жедел қоңырау "Жедел жәрдемге" біреу алқына қоңырау соғып: -Ойбай-ай, көмектесе көріңіздер! Менің әйелімнің толғағы басталды!-деді. -Өтініп сұраймын, соншама абыржымаңыз! Бұл оның бірінші баласы ма? -Жоқ, бұл сөйлеп тұрған оның күйеуі.
|
Қара кісі руының Жағал деген бір азаматы жасы сексенге келіп қартайып отырған кіші жүз Жахайым Жетес бимен әңгіме үстінде: -Иә, Жетеке сіз сексенге келдіңіз, әрбір он жылды бір белеске қойғанда, не нәрсеге теңер едіңіз?-деген екен. Сонда Жетес сәл ойланып алып: -Е, қарағым-ай, мен он жасымда асық ойнадым, қызығына тоймадым, қатар балалардың асығын ұтып қоймадым; жиырмаға келдім, бойға жетіп бойладым, онда да балалықты қоймадым. Жиырма беске жеттім, жақсы іске сүйіндім, жаман іске күйіндім, барымды бойға киіндім, сұлу қыз-келіншек болса, соған шүйілдім; отызға келдім: қызыл алтайы түлкі болдым, қыран бүркітке алдырмадым, құмай тазыға шалдырмадым, қатар құрбымның көңілін қалдырмадым; қырыққа жеттім: арғымақтай аңқылдадым, тау қырандай шаңқылдадым, ақ алмастай жарқылдадым, дариядай сарқылдадым. Елуге келдім: биік бір қара төбенің басына шықтым, алды-артымды тегіс көрдім, бірақ қай жағы алыс, қай жағы жақын екенін біле алмадым; а
...
Толығымен (Подробнее)»
| |