13.Әр нәрсе сыңарында өзінен мықтыға жолығады. 14.Адасқанды артындағы біледі, Жаңылғанды жанындағы біледі. 15.Аттан жығылғанды бөрі аңдиды. 16.Әзілде кек жоқ, өсекте шек жоқ. 17.Тасын ала берсең, тау да таусылады, Тамшысын ала берсең, көл де таусылады. 18.Көнені керек етпесең, жаңа табылмайды, Байлауды керек етпесең, жара жазылмайды. 19.Кіжінері бар да, килігері жоқ, Түнерері бар да, жауары жоқ. 20.Еріншек егіншіден ерінбеген масақшы озады. 21.Ортаның малын олжа көрме, ол-халықтың дәулеті. Оны шашқанды мырза көрме, ол-халықтың нәубеті. 22.Көрмеген көлде естілмеген қаздың дауысы бар. 23.Жылқыда да жылқы бар, қазанаты бір бөлек. Жігітте де жігіт бер, азаматы бір бөлек. 24.Жақсы жатырқамайды, Жалқау жарытпайды. Әңгі тыңдамайды, Аңқау аңдамайды. 25.Сіз деген-әдеп, Біз деген-күмән. 26.Ақ сауыттың жағасы бар, жеңі жоқ. Шын жақсының ашуы бар, кегі жоқ. 27.Балаға айтқан сыр-бай
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Ең үлкен бұршақ 1958 жылы 6 шілдеде Ачипулақ селосында (Ставрополь өлкесі) жауған. Бұршақтың салмағы 2200 грамға жеткен. Осындай бұршақтың салдарынан үйлер мен ағаштар бүлінген. Бұршақ далада жайылып жүрген 90-ға жақын қозыны шығындаған."Балалық шағы" ең ұзаққа созылатын ағаш-майқарағай. 50-70 жыл дегенде көктей бастайды. Сол уақытта ғана алғашқы тұқымын алуға болады.Ең қатты ағаш-Шмидт қайыңы. Оны оқ та тесе алмайды. Нағыз өткір балта да майырылады. Ағашқа дақ та түсіре алмайды.Ең ауыр ағаш-"Жылан ағашы" немесе пиратинера деп аталады. Бір текше сантиметр көлемдегісінің салмағы-1,5 грамға жетеді. Бұл ағаштың кішкентай кесегі суға тастай батады.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Бұқар жыраудың өте қартайған кезінде көңілін сұрамақ болып Қаз дауысты
Қазыбек би келеді.
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Жақсы әйел бойын түзеп сылақтайды, Өз бойынан басқаны ұнатпайды, Үйіне мейман түссе хош келдің деп, Еш адамнан рұқсат сұратпайды.
Жаман әйел байымен ұрысады, Мейман келсе қабағы тырысады, Бұл үйден шай ішкенмен оңбассың деп, Мейман байғұс басқа үйге жылысады.
Жақсы әйел дәулетіңе жөн келтірер, Әйелің долы болса күнде өлтірер, Жақсыдан жаман туған бала болса, Атаға үйде жатқан сөз келтірер.
Жақсы әйел айтқан сөзді кектей қоймас, Осал жігіт әйелге беттей қоймас, Жауыз қатын қабаған ит сияқты Ер жігіттің түбіне жетпей қоймас.
|
|
Қайырымды жүрек қартаймайды.
Елге бергенің елде кетпейді.
Әйел-үйдің тірегі.
Қашырдың нарқында қасқырдың жұмсағы не?
Бал жинаған бармағын жалар.
Аз ақыл-азап.
Бір түннің мың ұрысы бар.
Әділетсізге атқан оғың-әділет.
Иттің етін ит жемес.
Екі құдайға бірдей табынған-дінсіз.
Болымсыз ақыл бұра тартар.
Ақыл деген алтын тәж, Әр басқа қона бермейді.
Жүректіге жүзі де бір, мыңы да бір.
Құрсағыңды үсті-үстіне сіміруге үйретпе, Ал бойыңды қос-қабаттап киінуге үйретпе.
|
Күнге қақталмаңыздар. Әжім де, дақ та, тері рагі де күннің әсерінен пайда болады. Көлеңке, қалтарыс пайдалы. Қыста да бас киім киіп, бетті көлегейлеген жөн.Бетті дымқылдандыратын кремдерді кешке жатар алдында жағып алыңыз.Теріге қажетті табиғи майды шайып жіберетін ыстық суды пайдаланбаңыз. Бет жуғанда салқын немесе жылы суды қолданыңыз. Жиі жуған жөн. Ваннадан, әлде душтан шыққан соң 15 минөттен кейін крем жағып қойыңыз. Тұзды, көбікті ваннаға әуес болмаңыз, теріңізді құрғатып жібереді.
...
Толығымен (Подробнее)»
| |