Жауап: Құрбандыққа шалынатын малды қинамау үшін өткір пышақ қолдану керек. Малды сою үшін жерге жатқызғаннан кейін пышақты көз алдына жалақтатып, қайрау-мәкрүһ. Ал қинамай сою-сүннет. Алла Елшісі (с.ғ.с.) бір хадисінде былай дейді: "Малды қинамай бауыздаңдар. Кімде-кім мал сойса, пышағын жақсылап қайрасын және тезірек бауыздасын". Малды құбылаға қарай жатқызып, дұға ретінде мына аят оқылады: "Инна салати уа нусуки уа махиа-иа уа мәмәти лилләһи Раббил аламина лә шәрика ләһ ("Күмәнсіз менің намазым және басқа ғибадаттарым, өмірім де, өлімім де бүкіл әлемдердің Раббы Алла үшін. Оның еш серігі жоқ"). Одан кейін: "Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар лә илаһа иллаллаһу, Аллаһу әкбар, Аллаһу әкбар уа лиллаһилхамд"-деп, тәкбір айтып, "Бисмиллаһи, Аллаһу әкбар" деп бауыздайды. Мал құрбандық ниетімен бауыздалуы керек. Малдың жаны шыққаннан кейін барып қана терісі сыпырылады. Жаны шықпай жатып басын кесіп алып тастау немесе терісін сыпыру-
...
Толығымен (Подробнее)»
|
Махаббат-ең негізгі құрылым, егер ол бүтін болса, басқа қателіктер апатқа алып келмейді. Адамдар махаббатты көп сезімнің бірі деп ойлайды, оны өз қалауына бағындырғысы келеді. Ол дұрыс ниет емес. Біз өзіміз махаббаттың бір бөлігіміз, ол жер шарын құшақтап тұр. Махаббат пен өмір бізге берілген, біз оны бұзуға тиіс емеспіз. Ал бізде ұсақ жеке меншік пиғыл пайда болып, өзіміздегі махаббатты өлтіре бастасақ, онда-әлем кеңістігімен байланыстырып тұрған ең жоғары рухани құрылымды жойғанымыз, біздің өзімізге тиесілі емес нәрсені бағындырғымыз келгені. М. Кемел "Ақыл қалта" "Аударма"баспасы Астана 2007 ж, 132б
|
Бір қомағай қонақта отырып тамақты өте көп ішіп-жепті. Үйіне келген соң, мешкей күпті болып ауырып қалыпты. Көршісі келіп: -Саған не боп қалды?-деп сұрайды. -Қонаққа барған едім. Асты көбірек жеп жіберсем керек,-дейді. Сонда көршісі: -Ас біреудікі болғанмен, қарын өзіңдікі екенін ойламадың ба?-депті. Қазақтың күлдіргі-сықақ әңгімелерінен
|
Голландиядағы Детихэм қаласының тұрғыны Г. Аренде 13-ке шыққанда, велосипед үйренуге бел буыпты. Оның не таңы бар дейсіз ғой? Қызығы мынада: Г. Аренде туабітті соқыр екен. Сонда да велосипедпен бармайтын жері жоқ құсайды. Тіпті, көшедегі ағылып жататын жаяуларға да, көліктерге де соғылмайды екен. Оның бір ерекшелігі-көшеде велосипед айдап келе жатқанда, үнемі таңдайын тақылдатумен болады екен. Сөйтсек, бар сыр осында болып шықты. -Мұны мен жарқанаттардан үйрендім,-дейді Аренде баспасөз қызметкерлерінің сұрағына. - Олар өздерінің бағыт-бағдарын жаңғырыққа қарай анықтайды емес пе? Мен де таңдайымды әдейі тақылдатамын. Егер алдымда кедергі болса, дыбыс соған барын соғылады да, қайтадан жаңғырып естіледі. Алдымда кедергі барын сезе қоям. Демек, менің көзім-құлағым… Адамнан амал қалмаған-ау, сірә.
| |