Бір тал кессең, Он тал ек.
Наданға қор болған есіл сөзім, Өлікке жылаған есіл көзім.
Оқығанның асығы алшысынан түседі.
Қисық көшемен өтсең де, түзу жүр.
Қырқында қолына қобыз алған, Қияметте құлақ күйін әзер келтірер.
Әр гүлдің иісі әр басқа.
Аш қарынға ащы пияз жегендей.
Бірде үлкенді тыңдасаң, Бірде кішіні тыңда.
Сараңның бағы көгермес.
Залымның орны-жәһаннам.
Көктемгі әрекет- Күздегі берекет.
Жаңбыр-егіншінің жаны.
Көкке қарама, көпке қара.
Өнер түбінде өнер бар.
Ақыл өлшемі-парасат.
Ай түнде керек, Ақыл күнде керек.
Адамның жүзі аптаптан ыстық.
Тесік құлақ естімей қалмас.
Перзент-белге қуат.
Ердің уәзірі-әйелі.
Тентекке тілмәш не керек?!
Источник фото:
...
Толығымен (Подробнее)»
| |