Қозыбай жер аударылып Семей еліне барып, аға сұлтан Бекболаттың қолында тұрады. Сонда Қозыбайдың көңілін аулап бір мәжілісте Бекболат былай деген екен:
Еліңде жақсы көп болса пайдасы тиер Содырлы-сотқар көп болса найзасы тиер. Қоғамшыл, кең қолтық болса халқың сүйер, Жақсыға, жаманнан кесір, Ішінен жақсысы кетсе ел жесір. Өзіңе жамандық қылған пендеге Жібектей болып есіл. Қисық ағаш тезінен мұқар, Асқынған дау сөзінен мұқар. Жақыннан шыққан жау жаман, Алмас қылыш өзінен мұқар. Жаңылмас жақ болмас, Сүрінбес тұяқ болмас. Ер жігітке еңбек ар емес, Оны көтермеген ер нар емес. Жігітке серуен де серуен, сергелдең де серуен, Уа, Қозыбай, дәм тұзыңды елден жазсын, Топырағыңды жеріңнен жазсын.
Қ. Қаңтарбайұлы, М. Медірбайұлы
|
|
Жаратты неше алуан жұрт бір Құдайым Тең етті бәрімізге күн мен айын. Адамның адам біткен баласымыз Қайсың бөлек тудың деп айырайын.
Бәріміз бір адамның баласымыз, Жігіттер, бір-біріңе қарасыңыз. Өмір деген бес күндік кетер өтіп Атаң барған орынға барасыңыз.
Бұзбаңыз әділдікті бұл мал үшін Жиясыз оны-дағы бір жан үшін. Әзәзіл періштенің бастығы екен Не болды тәкаппарлық қылғаны үшін.
| |