Бұл туралы 19 ғасырда неміс философы И. Канттың мына бір ұсынысы маңызды да: "…өз ойыңды бұрмалатпай немесе орынсыз талқыға ұшыратпау үшін жалған өсек сөзге әдейі жүгінбей, сөзді сақтана, салмақпен, оның байыбына жете айту абзал; қарсыңа сырттай араздығың, тіпті жаугершілігің басылмаса да, көзінше мақтама да, арын аттама да; әрқашан уәдеңде тұруға тырыс, өз сөзіңнің иесі болғын. Біреумен достығың жараспаса, оның бұрынғы сенімі мен ашық мінезділігін өзіңе залымдықпен қарсы қолданудан сақтан; ойы мен пиғылы теріс адаммен достасудан аулақ бол, сырын білмеген жанмен тек іскерлік қатынаста болған жөн; біреудің жалаң немесе ашулы пікірінен туындайтын сандырақты анау айтарлықтай көңілде термегін. Өмірмен салыстырғанда оның әлсіздігі әлбетте білінеді; жылт етер, құбылмалы көрініске қарсы тұрудан тайынба. Көрсеқызарлықтың ықпалы өтімді болып тұрса да, оны адамгершіліктің өсиетіне айналдырма". Бұл қасиеттерді өз бойыңнан із
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Этикет
|
Просмотров:
1476
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
03.02.2011
|
 Асқабақтың тойымды тамақ болуына қоса, емдік, шипалық қасиеттері де баршылық. Ол жүрек-қолқа жүйесінде кінәрат болғанда, семіріп кеткен жағдайда пайдалы. Халық ем-домында оның несеп жүргізетін, ыстықты түсіретін қасиеттері белгілі. Асқабақтың өзінің осындай тамақтық, шипалық қасиеттері болса, оның дәнінің бағалы екені кейінгі уақытта кеңінен мәлім бола бастады. Оны балмен араластырып жеп, ішек құрттарын түсіру үшін пайдаланады. Ежелгі емшілер асқабақтың шырынын ем ретінде ішкізген. Бүйрек, бауыр ауырған жағдайда күніне 1 стақан шырын ішу керек делінеді. Асқабақ шырынын жаңа дайындалған күйінде ғана ішеді, өйткені үйдегі жағдайда оны сақтау өте қиын. Ең соңында асқабақ қыста сақтағанда пісіп жетілетінін айта кетейік. Сондықтан, әдетте, оның пісіп үлгермеген пәлектерін де аңызда қалдырмай жинап алады. Тұқымдық дәні жолақтана буылтықтанған түрлер
...
Толығымен (Подробнее)»
|
|
Заманың түлкі болса, Тазы боп шал.
Жасы бір құрдас емес, Заманы бір құрдас.
Заманына қарай амалы.
Заманына қарай күлкісі, Тауына қарай түлкісі.
Келме кезек, терме тезек.
Адамды заманы билейді.
Заманың қалай болса, Бөркіңді солай ки.
Заманы бірдің амалы бір.
Барар жерің Балқан тау, Ол да біздің көрген тау.
Балапан басына Тұрымтай тұсына.
| |